ЖАС ҰСТАЗДАРДЫҢ ТЬЮТОРЛЫҚ МЕКТЕБІ
- 26.03.2025. Тьюторлық мектебінің жас ұстаздарға семинары (PPTX, 1.40 MB)
- Жас ұстаздар 2022-23 (PPTX, 7.32 MB)
- Әдіст.семинар 11.01.2024 (DOCX, 948.47 KB)
- Әдіст.семинар 18.03.2024 (DOCX, 726.89 KB)
ӘДІСТЕМЕЛІК ОҚЫТУ Семинар 05.01.2026
Жас мамандарға арналған әдістемелік семинар:«Оқытудың деңгейлі бағдарламасы: жаңашыл тәжірибе және ізденіс»
2026 жылдың 5 қаңтарында сағат 10.00-де конференция залында жас мамандарға арналған әдістемелік семинар өткізілді. Семинардың негізгі мақсаты – оқытудың деңгейлі бағдарламасы аясында заманауи педагогикалық тәсілдерді меңгерту, жас ұстаздардың кәсіби ізденісін қолдау және тәжірибе алмасу.
Семинар барысында Капасова А.А. және Балтабай Ж.Б. «Scaffold құралдарын пайдаланып оқу сабақтарын жобалау» тақырыбында тәжірибелік мысалдар арқылы сабақ құрылымын тиімді ұйымдастырудың маңызын көрсетті.
Бекұзақова А.Қ. «Функционалдық сауаттылықты қалыптастыру – білім беру сапасының негізгі көрсеткіші» тақырыбында сөз сөйлеп, білім алушылардың өмірде қолдана алатын дағдыларын дамытуға бағытталған жұмыстардың өзектілігін атап өтті.
Семинар жас мамандар үшін пайдалы тәжірибе алаңы болып, кәсіби дамуға серпін берді. Қатысушылар жаңа идеялармен танысып, өз сабақтарында қолдануға болатын тиімді әдістерді меңгерді.
ӘДІСТЕМЕЛІК ОҚЫТУ Семинар 29.10.2025
Білім беру жүйесіндегі өзгерістер мен жаңашылдықтар мұғалімнен үнемі кәсіби дамуды, шығармашылық ізденісті талап етеді. Осы бағытта жас педагогтердің әдістемелік әлеуетін арттыру, тәжірибе алмасу және педагогикалық шеберлікті дамыту мақсатында 2025 жылғы 29 қарашасында «Оқытудың деңгейлі бағдарламасы: жаңашыл тәжірибе және ізденіс» тақырыбында жас мамандарға арналған әдістемелік семинар өткізілді.
Семинардың басты мақсаты – жас мұғалімдердің кәсіби құзыреттілігін жетілдіру, оқыту үдерісін тиімді ұйымдастырудың жаңа тәсілдерімен таныстыру және педагогикалық тәжірибені жетілдіру.
Семинар үш бағыт бойынша өтті:
Оқу-әдістемелік жұмысы жөнінен орынбасары Сайын Е.С. – «Сабақ жоспарының құрылымы мен сабақ типтері туралы кеңес беру» тақырыбында баяндама жасап, сабақ жоспарын құрудың негізгі талаптарын, сабақ түрлері мен құрылымдық кезеңдерін талқылады. Сонымен қатар, өзара сабаққа қатысу мәдениеті мен сабақ талдаудың тиімді сұрақтарын ұсынды.
Бөлім меңгерушісі Ташиева Э.А. – «Қатаң есеп беру құжаттарымен жұмыс ережесі» бойынша ақпарат беріп, білім беру ұйымындағы ресми құжаттармен жұмыс істеу талаптары мен жауапкершіліктерін түсіндірді. Құжаттардың рәсімделу тәртібі, журнал мен ведомостарды толтыру қағидалары туралы нақты мысалдар келтірілді.
Орыс тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы, педагог-шебер Шанкозова З.Б. – «ХХІ ғасыр мұғалімінің кәсіби құдіреттілігі» тақырыбында тренинг өткізіп, қазіргі заман мұғаліміне тән басты қасиеттер – креативтілік, сыни ойлау, көшбасшылық және өзін-өзі дамыту дағдылары туралы ой бөлісті. Тренинг барысында қатысушылар интерактивті тапсырмалар орындап, кәсіби бағыттағы пікір алмасуға белсене қатысты.
Семинар қорытындысында жас мамандар өз тәжірибесін байытып, әдістемелік тұрғыдан пайдалы кеңестер алды. Іс-шара жас педагогтерге кәсіби дамуға жаңа серпін беріп, шығармашылық шабыт сыйлады.
Әдістемелік семинар 04.01.2025
04.01.2025 жылы колледжде Тьюторлық мектебінің жоспарына сәйкес «Оқытудың деңгейлі бағдарламасы: жаңашыл тәжірибе және ізденіс» тақырыбында жас оқытушыларға арналған әдістемелік семинар өткізілді. Семинар барысында тәжірибелі оқытушылар Дәуренханова Ж.Ж. «Жаңа педагогикалық технологияларды сабаққа енгізу жолдары» бойынша оқу процесінің негізгі элементтері мақсат, міндет, мазмұны, әдісі, тәсілі, түрі, студенттер мен оқу арасындағы іс – әрекеттің байланысы, сабақтың түрлері, сабаққа қойылатын талаптар туралы түсінік берілді. Ташкеева Ж.Т. «Колледж студенттерінің функционалдық сауаттылығын дамыту» тақырыбында білім алушылардың өмірде әртүрлі контекстерде білімі мен дағдыларын тұжырымдау, қолдану және түсіндіру қабілеті таныстырылды және практикалық жұмыс жүргізілді. Каласова Г.Б. «Блум таксономиясын сабақта қолдану» атты тақырыпта Блум таксономиясы туралы мағлұмат беріліп, білімді игертуге 6 қадамның тиімді екенін айқындап берді. Дәурен Ү. «SCAFFOLD: әзірлеуге арналған карталар жиынтығы» негізінде тәжірибе алмасып, жас оқытушылармен ой-тұжырымдама мен талдау жүргізді.









.jpeg)


.jpeg)


.jpeg)
.jpeg)

.jpeg)
.jpeg)

.jpeg)


.jpeg)

