БАЙҚАУЛАР
- 2023 Колледжшілік пәндік олимпиада (PPTX, 9.69 MB)
- 2023 Конкурс «Тіл – халық қазынасы» (PPTX, 917.78 KB)
- 2024 Қалалық кәсіби шеберлік конкурсы (PPTX, 1.62 MB)
- «Заманауи оқу әдістері мен ресурстары» (DOCX, 12.82 MB)
- Колледжшілік ”Үздік педагог – 2023” байқауы (PPTX, 14.30 MB)
КӘСІБИ ШЕБ.2025
Алматы қаласы Білім басқармасы Қалалық білім берудегі жаңа технологиялардың ғылыми әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен педагогикалық сала бойынша техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының педагогтері арасындағы қалалық кәсіби шеберлік конкурсы өтті.Конкурстың мақсаты:
Педагогикалық мамандықтар және жалпы білім беру пәндерінің оқытушысы мамандығының мәртебесін арттыру. Конкурсқа қатысушылардың педагогикалық тәжірибесін ұсыну және танымал ету.Конкурсқа қатысуға қаладағы оқу орындарының 6 педагогынан өтінім келіп түсті. Конкурс қатысушыларына «Ұстаз» кәсіподақ ұйымы ақшалай сыйлықпен марапаттап, қолдау көрсетті. Қатысушыларға берілген тапсырмалардың форматы 3 модульден тұрды.Әр модульде 1тапсырмадан берілді.
Модуль №1−«Мен және социум» (3 минуттық бейне-ролик).
Модуль №2−«Әдістемелік өнім» (мәтін және слайд (қорғау 3 минутке дейін).
Модуль №3−«Мультимедиялық технологиялар» (5 минутке дейін).
Конкурстың қорытындысы модульдер бойынша бағалау критерийлерімен және конкурстық комиссияның хаттамасымен анықталды.Нәтижесінде №1Алматы қазақ гуманитарлық-педагогикалық колледжінің ағылшын тілі мен арнайы пәндер оқытушысы Бегазова Мадина Жандаровна – 1орын және 40 мың ақшалай сыйлық, №2 Алматы гуманитарлық педагогикалық колледжінің ағылшын тілі мен арнайы пәндер оқытушысы Молдабекова Салтанат Изтургановна-2орын және 30 мың ақшалай сыйлық, Шетел тілдері педагогикалық колледжінің арнайы пәндер оқытушысы Даутова Нелля Гурбаевна – 3орын және 20 мың ақшалай сыйлық, ҚазНұр гуманитарлық колледжінің арнайы пәндер оқытушысы Балта Фариза Бекетқызы сертификат және 20 мың ақшалай сыйлықпен марапатталды. Жалпы пәндер бойынша #№1Алматы қазақ гуманитарлық-педагогикалық колледжінің тарих пәнінің оқытушысы Дәуренханова Жанар Жұмаханқызы -1орын және 40 мың ақшалай сыйлық иеленді. Әрбір қатысушының артында зор дайындық, ізденіс және еңбек жатыр. Құрметті қатысушыларға, жарысқа қатысып, өз шеберліктерін көрсету үшін барынша күш салғандары үшін алғыс білдіреміз!

