![]() |
Мендгазиева Магишат Таскалиевна |
Директор блогы
№1 Алматы қазақ мемлекеттік гуманитарлық – педагогтік колледж директоры
“ҰСТАЗ БОЛУ ӨЗ УАҚЫТЫН АЯМАУ, ӨЗГЕНІҢ БАҚЫТЫН АЯЛАУ”
ЖАН – ЖАК – РУССО
Телефон:
+7 (727) 290-04-86 +7 (727) 278-56-84
Электронды пошта:
Pedkol1@list.ru
Мендгазиева Магишат Таскалиевна
№1 Алматы қазақ мемлекеттік гуманитарлық – педагогтік колледжінің директоры
Жалпы ақпарат, білім
Мендгазиева Магишат Таскалиевна 1972 жылы 8 қаңтарда Атырау облысы Теңіз ауданы Орлы ауылында туылған.
Білімі – жоғары
1995 ж. – Қазақ Мемлекеттік Әлем Тілдері Университеті;
2020 ж. – Шымкент қаласы, Аймақтық әлеуметтік инновациялық университеті «Педагогика және психология» .
Мамандығы бойынша біліктілік
Француз тілі пәнінің мұғалімі;
Педагогика ғылымының магистрі;
Мансап
28.08.1995 – 29.05.2006 ж., Француз тілінің оқытушысы, №1 Алматы педагогикалық колледжі
01.06.2006 – 01.09.2014 ж., Директордың сырттай оқу бөлімі жөнінен орынбасары, №1 Алматы қазақ педагогтік колледжі
01.09.2014 – 31.08.2018 ж., Сырттай оқу бөлімінің меңгерушісі, №1 Алматы қазақ мемлекеттік гуманитарлық – педагогтік колледжі
01.09.2018 – 20.09.2020 ж., Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары, №1 Алматы қазақ мемлекеттік гуманитарлық – педагогтік колледжі
21.09.2020 ж., Директор, №1 Алматы қазақ мемлекеттік гуманитарлық – педагогтік колледжі
№1 АЛМАТЫ ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТТІК ГУМАНИТАРЛЫҚ – ПЕДАГОГТІК КОЛЛЕДЖІНЕ ҚОШ КЕЛДІҢІЗДЕР!
Тәуелсіздік қазақ халқының басты құндылығы болса, оның ең негізгі тірегі – қазақ тілі екендігінде еш күмән жоқ. Сол тілді жандандырып, жастарымызға ана тілінде тәлім – тәрбие беріп отырған оқу орнының өзінше ролі жоғары деп санаймын.
Егемен елдің ертеңін ойлайтын нағыз елжанды қазақ жастары төл оқу орындарында ғана тәрбиеленбек. Біздің колледж отандық білім беру жүйесінің сапасын көтеруге өзіндік мол үлесін қосып келеді. Колледжіміздің республикамыздағы қазақ мектептерін сапалы мамандармен қамтамасыз етудегі білім беру жүйесіндегі қызметін мақтанышпен айтуға тұрарлық.
Бүгінгі таңда колледж балабақша тәрбиешілері және бастауыш саты мұғалімдерін даярлаумен бірге негізгі мектеп үшін қазақ тілі мен әдебиеті, ағылшын тілі, информатика және дене шынықтыру пәндері мұғалімдерін даярлап, ұлт алдындағы міндеттерін абыроймен атқарып келеді. Оның айғағы ретінде білім беру ұйымдарының қазіргі таңда колледж мамандарына деген жоғары сұранысы мен жағымды көзқарасын айтуға болады. Сонымен бірге, колледжде «Балабақша тәрбиешісінің көмекшісі» жұмысшы мамандарын дайындау қолға алынды.
Биылғы оқу жылында колледжіміздің жанынан 4 қабатты оқу ғимараты, 4 қабатты студенттер жатақханасы жеке асхана, спортзалының ғимараттары салынып, пайдалануға берілді.
Оқу орнының негізгі нәтижесі түлектері туралы қоғамдық пікірдің оң болуы, еңбек нарығында сұранысқа ие болуы колледж ұстаздарының ерен еңбектерінің жемісі.
Қадірлі ұстаздар! Ұлағатты ұлылық пен білімнің тұнығын шәкірт жүрегіне сіңіріп, дарындылықты дамытудағы еңбектеріңіз жана берсін!
Құрметті талапкерлер! осы оқу орынында жасалып жатырған істердің барлығы Сіздердің болашақтарыңыз үшін жасалатын игіліктер. Сіздерге ұстаз дәрісін бойларыңызға сіңіріп, өз мамандықтарыңыздың білікті маманы болуларыңызға тілектеспіз!
Жеке блогыма қош келдіңіз! Бұл блоктың негізгі мақсаты – интернет желісіндегі әр адамға колледж қызметі бойынша қызықтыратын сұрақтарына сапалы және қажетті ақпарат беру. Сонымен қатар блок оқырмандарынан кері байланысты күтеміз. Жазыңыздар, өз ойларыңызбен бөлісіңіздер, ұсыныс беріңіздер. Барлық берілген сұрақтарға міндетті түрде жауап беріледі.
Cтуденттер және ата- аналарды қабылдау күндері:
Сәрсенбі 14.00 – 15.00
Жұма 11.00 – 12.00


