«№1 Алматы қазақ гуманитарлық-педагогикалық колледжі» КМҚК

КОЛЛЕДЖДЕГІ ТӘРБИЕ ЖҮЙЕСІНІҢ НЕГІЗГІ МІНДЕТТЕРІ

Ұлттық киім күні  

22 сәуір – Дүниежүзілік Жер күні.

Дүниежүзілік “Жер күнін”  БҰҰ Бас
ассамблеясы 2009 жылы ресми түрде белгілеген. 2010 жылдан бері әлемнің
түкпір-түкпірі атап өтіп келеді
.
        Жыл сайын осы күні бүкіл әлем
ғалымдары дөңгелек үстелге жиналып, ғаламдық экологиялық мәселелерді
талқылайды. Бұл күні әркім өз аулалары мен көшелерін абаттандыруға және
көгалдандыруға қатыса алады.

22-сәуір халықаралық
жер күніне  орай топ жетекшісі Ш.Төкен
мен  К.Арманқызының  ұйымдастыруымен  11А,15 “Ш” топтарында
«Табиғаттың тірегі сен –жер ана» атты тәрбие сағаты ұйымдастырылды.
  Іс-шараның мақсаты студенттердің
қоршаған ортаға деген махаббат құндылықтары жайлы түсініктерін кеңейту,  табиғатты қорғауға, жерін сүюге,
мейірімділікке, ізгілікке тәрбиелеу, Табиғат – Анаға сүйіспеншілікпен қарауға
жетелеу, шығармашылық қабілеттерін, жақсылық жасай білу іскерліктерін, ойлау
қабілетін дамыту, өз ойын еркін жеткізе білуге дағдыландыру болды.

 

#Алматыбіздіңортақүйіміз
#ҚалабіреуХалықтіреу #Алматынашобщийдом #НасМногоГородОдин

Жыл сайын 22 сәуірде  дүниежүзі халқы  Жер-Ана күнін атап өтеді.
 Оқу орнымыздың  13ш, 11р топтарында  М.Манарбекқызы мен Аружан Серікбайқызының жетекшілігімен  22 сәуір Жер күніне арналған  Экологиялық калейдоскоп ұйымдастырылды.
Мақсаты қоршаған ортаға жауапсыздықпен қарауға жол бермеу, экологиялық проблемаларға аудару және планетаны сақтау үшін адамзат алдында тұрған күрделі міндеттер туралы білу. Шара барысында  жастардың бойында экологиялық мәдениет дағдысын қалыптастыру  және  экологиялық білімді насихаттау үшін ойын түрлері мен түрлі жұмыстар ұйымдастырылды.
 Жер-Ана күнін атап өтуге байланысты  білім алушыларға   айналаны тазалау, сенбілік жасау, бір күн пластик ыдыстардан бас тарту,  бір реттік стақанмен кофе ішпеу, үйдегі, кеңседегі электр құрылғыларын уақытша сөндіру, ағаш егу, жасыл-желекті суғару, арамшөбін тазалау  сияқты жұмыстарды жүргізу,  тұрмыс қалдықтарын жинап, сұрыптап, қайта өңдеуге өткізу  сияқты  жұмыстарды  жүргізу насихатталды.
#Алматыбіздіңортақүйіміз #ҚалабіреуХалықтіреу #Алматынашобщийдом #НасМногоГородОдин


  8 сәуір мен 8 мамыр аралығында қалада «Алматы – біздің ортақ үйіміз» акциясы өтуде. Осы  акцияның басты мақсаты – қалалық инфрақұрылымға ұқыпты қарау құндылығын қалыптастыру, халық арасында жоғары азаматтық жауапкершілік пен экологиялық бастамаларды қолдау мен іске асыруға жағдай жасау. Осы науқанға орай №1 Алматы қазақ гуманитарлық педагогикалық колледж жастары да «Қоқыссыз колледж» марафонына  қатысты.    Колледж ауласын тазартып, тазалық жұмыстарын жүргізді. Еліміздің экологиясын жақсарту үшін жиналған қоқысты бірден сұрыптап, шыны мен пластик заттарды бөлек жәшіктерге салып, қайта өңдеуге жеткізуге жағдай жасады. Жазу ,сызуда пайдаланған ақ парақтармен, дәптер парақтарында сұрыптап маклатураға өткізуге дайындады. Колледж жастары Табиғатым тіршілігім ырысым,

Сенсіз менің тарылады тынысым.

Биік -биік тауларымды қарасам ,

Алшаң басып түзіледі жүрісім – деп өлең жолдарымен де, табиғатқа деген өз көзқарастарын білдірді. Қоршаған ортаны таза ұстау – әрбір азаматтың міндеті. Еліміздің әрбір азаматы  қаламыздың  тазалығына әлі де үлес қоса береді деп сенім білдіреміз!

 

08 сәуір мен 08 мамыр аралығында қалада «Алматы – біздің ортақ үйіміз» науқаны  өтуде. Осы науқанға орай №1 Алматы қазақ гуманитарлық- педагогикалық колледжінде топ жетекшілері Асенова Ж.М.,Еңсенова Е.Т  басшылығымен 2курс жастары  «Қоқыссыз колледж» марафонына  қатысты.    Колледж ауласын тазартып, тазалық жұмыстарын жүргізді. Еліміздің экологиясын жақсарту үшін жиналған қоқыстарды бірден сұрыптап, шыны мен пластик заттарды бөлек жәшіктерге салды. Колледж студенттері пластик бөтелкелерді өңдеу,жарамсыз қағаздарды сұрыптау,қоқысты сұрыптаудың маңызы,қоқыстың экологияға зияны сияқты өзекті тақырыптарды насихаттап, колледж айналасына тазалық жұмыстарын жүргізді.

 

 “Табиғатсыз адамзаттың күні жоқ, оны айтуға табиғаттың тілі жоқ” деп халық даналығында айтылғандай, табиғатты қорғау- біздің міндетіміз!

Еліміздің экологиясын жақсарту үшін колледжімізде өткізген “Қоқыссыз колледж”марафонына басқа да студенттер мен ел жастарын қатысуға шақырамыз!

#Алматыбіздіңортақүйіміз #ҚалабіреуХалықтіреу #Алматынашобщийдом #НасМногоГородОдин

 

 Көктем – табиғаттың жаңарып, тіршілік қайта жанданатын мезгіл. Айрықша мейрам – Ұлыстың ұлы күні де жаңару, жаңғыру ұғымдарынан құралған. Жер тоңы жібіп, алғашқы көк дүркіреп шыға бастаған кезде  оқу орнымыздағы  «Педагог аллеясына» жас ағаш көшеттерін отырғызу дәстүрге айналған. Наурызнама онкүндігінің  бағдарламасы  бойынша бүгін 19 наурыз – Жаңару күні.. “Бұтақ жайған ағаш қартаймайды, ұрпақ жайған адам қартаймайды—дейді халқымыз. Осы  игі  іс  колледждің  ұстаздары мен  жастарынан   құралған топ “өмірдің жаңаруын” бейнелейтін көктемгі ағаш егу дәстүрі ұйымдастырды.  

             «Қасиетті Наурыз – амандық, бірлік, мейірімділік пен өзара сыйластық мерекесі». Біздің халқымыздың рухын көтеретін домбыраға әр үйде құрметті орын берілген. Домбыра – қазақ халқының жаны». Қасым-Жомарт Тоқаев

Бүгін  оқу орнымызда   білім алушылардың  рухани-адамгершілік мәдениетін, эстетикалық, патриоттық сезімдерін тәрбиелеу, елдің мәдени мұрасын сақтау, жастардың  домбырада орындау өнерін насихаттау мақсатында  білім алушылар мен оқытушылар   наурыз мерекесіне арналған «Күй күмбірі» атты  республикалық домбырашылар челленджіне   қатысты. Домбырашылар ЧЕЛЛЕНДЖІпедагогтар  мен  жастардың музыкалық өнер саласындағы шығармашылық жетістіктерін көрсету және домбыраны танымал ету болып табылады. Челленджге қатысқан  өнерлі жастар   Құрманғазы Сағырбайұлының  «Балбырауын», «Адай» күйлерін  орындап, домбыраның үнін  күмбірлетті.

14 наурыз Көрісу күні құтты болсын!

Ана көңілінің дархандығына, ана жүрегінің ізгілігіне тең келер құдірет жоқ. Ана алақанының жылылығынан асқан жылулық жоқ. Сондықтан оларға ілгері ізет, көшелі құрмет арта береді.Көктемнің құлпырған, сұлулық пен әсемдік мерекесі  топ жетекшілері Г.А.Турганова  мен А.Қ.Жанпейсованың және  31ш ,32 ш топ студенттерінің ұйымдастыруымен колледждің ұстаздар қауымы мен білім алушыларына, көрермендерге көтеріңкі көңіл күй сыйлады. Салтанатты кешті колледж  директоры М.Т.Мендгазиева ашып, ұстаздар мен білім алушыларды  көктем  мерекесімен құттықтады. Мерекелік кеш  білім алушылардың өнерімен жалғасын тапты. Таңғажайыпқа толы сахналық көріністер көрсетіп, мың бұралған бимен өріліп, әсем әнмен әрленді.  Ұйымдастырушылар көрермендердің зор алғысына бөленді. Құрметті  ұстаздар ,аналар, арулар!!! Көктемнің басы өмірлеріңіздегі өте қалаулы және әдемі оқиғаның бастамасын білдірсін! Әр күндеріңіз күлкіге, махаббатқа, қамқорлық пен қуанышқа, өмірлеріңіз жылулыққа толы болсын.

 

Әрбір адамның өмірде толыққанды тұлға болып қалыптасуында құқықтық тәрбиенің алар орны ерекше.  Бүгінгі таңда қоғамның алдында тұрған басты міндеттерінің де  бірі – жастар мен жасөспірімдер арасындағы құқық  бұзушылықтың алдын алу,  әлімжеттік , бопсалау, кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың өсуіне жол бермеу. 
Оқу орнында тәрбие жұмысының жоспарына сәйкес жасөспірімдер арасындағы  құқық бұзушылық , кәмелетке толмағандардың құқықтары мен  олардың құқықтық сауаттылығын арттыру, сондай-ақ балаларға қатысты қылмыстық қол сұғушылықтардың алдын алу  мақсатында  
«Жасөспірімдер  арасында құқық бұзушылықтың, қылмыстың, әлімжеттіктің алдын-алу» тақырыбында  түсіндірме  жұмыстары жүргізілді. Шараға Турксіб ауданының
 ювеналды полиция  инспекторлары қатысып, жасөспірімдер арасындағы  қылмыстардың алдын-алу, түнгі уақытта ойын-сауық орындарында болған және ересектердің бақылауынсыз көшеде жүрген балалар  анықталса, ата-аналарына шара қолданылатыны туралы ескертті. Директордың оқу-тәрбие жұмысының орынбасары А.А.Байтекеева  колледждің ішкі тәртіп ережелерімен, сондай-ақ  білім алушыларға электронды темекі, есірткі мен психотропты заттарды қолданудың зияны мен әлеуметтік-психологиялық салдары жайында түсіндірді.Тәжірбиелі оқытушылар Қ.ТЛаханов, Д.Қ.Тұрсынғожин   әрбір адам  өз құқықтарын біліп және заң білімі саласынан мағлұмат алып, заңды аттамай,  еліне адал қызмет еткен азамат қана мұратына жететіні жөнінде айтты. Жасөспірімдер арасында кеңінен тараған заң бұзушылықтың, қылмыстың ахуалы туралы мысалдар келтірілді .Кездесуге қатысқан студенттер  өз көкейлеріндегі сауалдарын қойып, оған толыққанды жауаптар алды .

Түрксіб ауданы  орта кәсіптік және жоғары оқу орындарының студенттерінің арасында   №6 қалалық  Оқушылар үйінде  өткен “Өз жұлдызыңды жақ “атты жүргізушілер байқауына  біздің оқу орнымыздың студенттері де қатысты. Мақсаты сахналық жүргізушілердің аудандық  байқауы,шешендік өнері және шығармашылық қабілеті бар дарынды жастарды анықтауға және оларға қолдау көрсетуге арналған. Байқауға қатысушылар арасында  топты жарып  колледжіміздің  4 курс студенті Қожамұратов Ерсұлтан (жетекшісі: Ахметова И.Т)  БАС ЖҮЛДЕГЕ ие болып 50.000 тг сертификатқа ие болса,

3 курс студенті Сатыбалды Ақмарал  (жетекшісі Бекенқызы Мақпал) 1 орынмен марапатталды.Ал  жүлделі  3 орынмен 3курс студенті Орынбасар Жәмилә  ( жетекшісі Дәурен Үкілім ) жүлделі сертификаттарға ие болды.
Барлық жеңімпаз студенттерімізді құттықтаймыз.
Өнерлеріңіз өрге жүзсін!!!

28.02.2024жыл

Ауған соғысы- Кеңес Одағы кезіндегі тарихи оқиғалардың бірі. Биыл Кеңес әскерлерінің Ауғанстан жерінен толықтай шыққанына 35 жыл толды. Осыған орай оқу орнында оқу-тәрбие жұмысының жоспарына сәйкес ауған соғысы ардагерлерімен кездесу кеші өтті. Кештің мақсаты- ауған соғысы ардагерлеріне құрмет көрсету, жат жерде көз жұмған батыр азаматтарды еске алу және жастарға патриоттық тәрбие беру болып табылады. Кездесуге өмірінің өлшеулі бір бөлігін, жалындаған жастық шағының жартысын оқ пен от арасында өткізіп, елге аман-сау оралып, туған жерімен қауышқан интернационалист-жауынгерлер қатысты. Ауған жолдарымен өткен сарбаздардың ерліктері туралы баяндайтын «Ауған соғысы тарихының беттері» атты деректі фильм көрсетілді. 1курс білім алушыларының қатысуымен патриоттық әндер шырқалды. Кездесу барысында жастар өздерін қызықтырған сұрақтарын қоюға мүмкіндік алды. Ардагерлер өз ойларымен бөлісіп қана қоймай, жас буынды бейбіт өмірді сақтауға, Отанды қорғау ісінде адалдық танытуға шақырды. Ауғанстандағы әскери қызметтері туралы естеліктермен бөлісті.Жастарға ауған ардагерлерінің ерліктерін үлгі ету, ауған соғысында опат болған жауынгерлердің рухына тағзым ету, есімдерін қастерлеу- бүгінгі ұрпақтардың қасиетті борышы.

#біртұтас тәрбие бағдарламасы 

 

25.01.2024жыл

Қазақстан  Республикасының  Тұңғыш  Қорғаныс министрі, Кеңес одағының батыры, Халық қаһарманы , армия генералы Нұрмағамбетов  Сағадат Қожахметұлының  100  жылдығына   орай  Алматы қаласы Жетісу ауданының қорғаныс істері жөніндегі  басқармасының  ұйымдастырумен өткен  салтанатты іс-шараға  колледжіміздің   білім алушылары мен оқытушылары  белсене қатысып,  «Алғыс  хаттарымен»  марапатталды. Ұлы тұлғаны ұлықтауға арналған шара өскелең ұрпаққа әскери-патриоттық тәрбие берудің бір құралы.  Қарулы күштердің құрылуы мен қалыптасуында аса маңызды рөл атқарған  алғашқы армия генералы Сағадат Нұрмағамбетовтың есімі ел тарихында мәңгі қалары анық.

 

 

 

 

 

 

 

Қазақ әдебиетінің Абайдан кейінгі биік асқары, Алаш қайраткері Сұлтанмахмұт Торайғыровтың туғанына биылғы  күзде  130 жыл толды.. Осыған орай,  оқу-тәрбие жұмысының жоспарына  сәйкес  ақынның жалынды жыр шумақтарын, өмір жолы мен қызметін, шығармашылығын  зерделеп, тәжірибе алмасу, дарынды студенттерді анықтап, қолдау көрсету мақсатында  Түрксіб аудандық Техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орындарының  жастарының   арасында  «Қаламды шын беріліп, алдым берік.. » атты көркем сөз оқу байқауы ұйымдастырылды.

Байқау 3 кезең бойынша өткізілді. Байқауға қатысушылардың  білімін бағалау   мақсатында  ақынның өмірі мен шығармашылығынан сұрақ-жауап кезеңі Quizizz онлайн платформасында  жүзеге асты. 2-кезеңде  «Қараңғы қазақ  көгіне, Өрмелеп шығып, күн болам» тақырыбында поэзиялық жыр оқулары болса,3- кезеңде «Алаш деп ұрандаған ұлы ақын» атты ақынға арналған жыр шумақтарын мәнерлеп оқу кезеңі бойынша қатысушылар өз өнерлерін ортаға салды.Түрксіб аудандық Техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орындарының арасында өтілетін колледжаралық байқау болғандықтан, басқа аудандардан тіл мамандары  шақыртылып, қазылық етті.
Әділқазылар  алқасы әділ бағасын беріп,төрелігін танытты.Байқаудың қорытындысы бойынша  қатысушылар 1,2, 3 дәрежелі дипломдармен  және  “Озық ойлы студент”, “Мәнерлеп оқу шебері”, “Жас ақын”, “Шығармашыл студент” атты номинациялармен марапатталды. 1,2  орындармен  Алматы жолаушылар көлігі және технологиялар колледжінен келген  қатысушы жастар  Амирсана Алтынбек, Пернебек Айбек марапатталды. 3 орынға   №1 Алматы қазақ мемлекеттік гуманитарлық-педагогтік колледжінің студенті  Болат  Камиля ие болды.

-Тәрбие әрекетінің  кәсіби бағыттылығын  қалыптастыру  және  болашақ кәсібінің ерекшелігін  ескере отырып, маман тәрбиелеудің бағдарламасын әзірлеу;

-отбасында, еңбек ұжымында, тұрмыста, жалпы қоғамда қарым-қатынас мәдениетіне тәрбиелеу;

-ұлтаралық қарым-қатынас мәдениетіне, толеранттылыққа тәрбиелеу;

-салауатты өмір салтын және экологиялық мәдениетті  қалыптастыруға ықпал ету;

 -студенттер мен оқытушылардың  шығармашылық ұжымдар мен бірлестіктер құру арқылы әріптестік қатынастарын дамыту;

– топ кураторларының ғылыми – әдістемелік шеберліктерін шыңдау.

Республика күні- еліміздің  мемлекеттілікке  бағытталған тарихи қадамының символы. Оқу орнында Республика күніне орай  “Қыран елім – Қазақстаным!” тақырыбында 1-2 курс білім алушылары арасында мәнерлеп оқу байқауы өтті. Мақсаты: жас ұрпақ бойында отаншылдық сезімдерін қалыптастыру, қазақ елінің жетістігін кеңінен насихаттау, Қазақстандық патриотизмді нығайтуға ықпал жасау, білім алушылардың тәуелсіз елге деген құрметін күшейту, шығармашылық қабілетін арттыру, ойлау қабілетін дамыту,  Кіріспе бөлімінде қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің оқытушысы   А.Е.Кемелбекова Республика күнінің маңыздылығын түсіндірді. Байқау  барысында білім алушылар  өлең шумақтарын оқыды,  патриоттық өлеңдер шырқалды, қатысушылар Отанға деген махаббатын мен патриоттық сезімдерін, өлеңдерді мәнерлеп оқу қабілеттерін көрсетті.Білім алушылар байқауға белсене ат салысты.

КОЛЛЕДЖДЕГІ ТӘРБИЕ ЖҮЙЕСІНІҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ

СТУДЕНТТЕРДІҢ ӨЗІН-ӨЗІ БАСҚАРУЫ

         Колледжде студенттердің өзін-өзі басқару жүйесі студент жастар өмірінің маңызды мәселелерін шешуге, олардың әлеуметтік белсенділіктерін дамыту, бастамаларына қолдау көрсетуге  бағытталған студенттердің  бастамашылдық, дербес қоғамдық қызметінің ерекше формасы ретінде  дамыған.  Өзін-өзі басқару ұйымының  құрылымын жетілдіру, студенттердің өзін – өзі басқаруын белсендіру жұмыстары жүйелі   жүргізіледі. 

Студенттердің өзін-өзі басқару ұйымы жұмыс барысында келесі құжаттарды басшылыққа алынады:

  • Колледж Жарғысы;
  • Студенттердің өзін-өзі басқару ұйымы туралы ереже;
  • Колледждің ішкі тәртіп ережелері
  • Жатақханада тұру ережесі.

Өзін-өзі басқару жұмысының нәтижелері колледж әкімшілігі кеңесінде талданады.

         Колледж студенттері қалалық , аудандық іс –шараларға белсене араласып отырады.  1 маусым- «Балаларды қорғау күніне» орай өткізілген музыкалық аспаптар шеруіне қатысып, қалалық  әкімдіктің  ризашылығын алып қайтты.

1 маусым 2019 жыл

«Мейірбандық жүректен,қайырымдылық біліктен» демекші адам өзін және озгелерді жақсы көру арқылы өмірін қуаныш пен шаттыққа махаббат пен бақытқа бөлейді. Колледждің еріктілер ұйымы балалар үйіне барып, жүректеріне жылу сыйлап отыруды дәстүрге айналдырған.

2019 жыл.

Колледждждің  тәрбие жұмыстарының басты бағыттарының бірі – патриоттық тәрбие беру. Колледж студенттері  Қ.Т. Лахановтың басшылығымен  аудандық  «Ұлан әскери- патриоттық» шеруінің жыл сайын ГРАН-ПРИ  иеленіп келеді.

2019 жыл.

1 мамыр  «Қазақстан халықтарының  бірлігі» күніне орай «Ынтымақ , бірлік және келісім- басты байлық ел үшін» тақырыбында өткен іс-шара барысынан  көріністер:

2018 жыл

2018 жыл

     Колледж ішілік іс-шаралардан көріністер  рухани-адамгершілік, патриоттық бағыттағы іс-шаралардан көріністер:

2019 жыл

Өзін-өзі басқару ұйымы өткізген «100 жаңа есімі» жобасының иегері, гинеколог- репродуктолог Айтхожина  Ләззат Кенжебайқызымен   кездесу 

2019 жыл

Колледжде өткен  «Әлемнің жарығын сыйладың сен маған » атты аналар мерекесіне арналған іс-шаралардан:

«Тіл–халық қазынасы» қалалық  байқауы

Мемлекеттік тіл – сол елдің халқын біріктіретін, ортақ істерге жұмылдыратын, елге деген перзенттік ықыласты қалыптастыратын бірден- бір құрал болып табылады.Алматы қаласы Білім басқармасы Қалалық білім берудегі жаңа технологиялардың ғылыми әдістемелік орталығы Техникалық және кәсіптік білім беру бөлімінің жоспарына сай  2021 жылдың 30 қыркүйегінде  Қазақстан Республикасы халықтарының  «Тілдер мерекесіне» байланысты өзге  ұлт өкілдерінің арасында «Тіл –халық қазынасы» атты мемлекеттік тілді насихаттау мақсатында №1Алматы қазақ мемлекеттік гуманитарлық-педагогтік колледжімен бірлескен   қалалық байқау ұйымдастырылды.Байқаудың мақсаты- Тәуелсіз елімізде өмір сүріп отырған ұлт өкілдері арасындағы достық пен бірлікті нығайту барысында мемлекеттік тілге құрмет сезімдерін қалыптастыру және  мемлекеттік тілді насихаттау; шығармашылық танымдық қабілеттерін арттыру, толеранттылыққа тәрбиелеу, тілдік мәдениет деңгейлерін арттыру болды.Қалалық байқауға Техникалық  және кәсіптік білім беретін оқу орындарының студенттері қатысты. Байқау ережесіне сәйкес  екі кезеңнен тұрды.Бірінші кезең оқу орнының ішінде ұйымдастырылса,екінші кезең №1Алматы қазақ мемлекеттік гуманитарлық-педагогтік колледжі базасында ұйымдастырылды. Байқаудың бағдарламасы  үш тапсырманы қамтыды.Бірінші тапсырма: «Сәлем беру салтымыз» деп аталса, «Білімдіге  дүние жарық»деп аталатын  екінші  тапсырмада  суреттер арқылы берілген  ұяшықтардағы  тақырыптар бойынша   жауаптары тыңдалды.Тақырыптық тапсырмалар бойынша  Қазақстанның  Тәуелсіздік жылдарындағы қол жеткізген жетістіктері, Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың  Тәуелсіз  Қазақстанды  құрудағы тарихи  рөлі,  қазақ халқының хандары, билері туралы, ұлттық салт-дәстүрі, т.б. туралы  білімдері бағаланды. «Білім –таусылмайтын кен» тақырыбындағы  үшінші  тапсырма  бойынша  қазақ тілінің лексикасы мен грамматикасы  бойынша 15 сұрақтан тұратын тапсырма сілтемесі жіберіліп, «Online Test Pad» платформасында орындау   ұсынылды.Байқау қорытындысы бойынша    Әділқазылар алқасының  шешімімен жеңімпаздар анықталып,1орын,2орын,3орындартағайындалды. 
Бірінші орын  Жоғары медициналық колледжінен қатысқан 2 курс студенті  Мошнякова Анельге берілсе , екінші орынды Алматы мемлекеттік сервис және технологиялар колледжінің 2 курс студенті  Самыловская Анель иеленсе, үшінші орынмен  Алматы мемлекеттік политехникалық колледж студенті  Кринвальд Юрий марапатталды. Колледж қабырғасында білім алып жатқан болашақ мамандар тек өз мамандықтарын меңгеріп қана қоймай, өз Отанының, қазақ халқының рухани мұрасын бойына сіңіре білген зиялы жан болуы да шарт.

Қарттар – біздің асыл қазынамыз

        Қарттарға құрмет көрсету жас ұрпақтың алдындағы парыз .
01 қазан күні аталып өтілетін Халықаралық қарттар күні – ұрпақтың қоғам өміріне қосқан үлесіне шынайы ризашылық білдіретін күн. Үлкенді сыйлап, оларға құрмет көрсету – ата-бабадан келе жатқан салтымыз.

Ортада жүрген қарияларымыздың бір кезде елі, халқы, келешек ұрпағы үшін жасаған игі істері ерекше орын алады.

Жыл сайын №1Алматы қазақ мемлекеттік гуманитарлық-педагогтік колледжінде Халықаралық қарттар күніне орай көптеген іс-шаралар ұйымдастырылып тұрады. Колледждің белсенді, ерікті студенттері қарттар үйіне баруды әдетке айналдырған.  “Өзін-өзі басқару” ұйымы мен колледж еріктілер тобы 01 қазан күні Алматы қаласындағы «Асыл жан» қарттар үйіне барып көңілдері жарым қарияларға концерттік іс-шара ұйымдастырып, жеміс-жидек, тәттілер таратты. Концерттік бағдарлама бойынша әуезді ән айтылып,мәнерлі би, күмбірлеген күй тартылып, қазыналы қарттарымыздың көңіл көкжиегін көтеріп тастады. Қарттарымыз белсенді студенттерімізге өз алғыстарын білдіріп, ақ баталарын берді. Жастардың мейірбандық танытып, үлкендерге құрмет көрсетіп жатқан осындай игі істеріне  қарттармен қатар мекеме басшылығы да риза болып, Жастар ұйымының төрайымы Мадина Аубакировна мен ерікті студенттерді арнайы «Алғыс хатпен» марапаттады.

«Ардагерлерді ардақтайық» акциясы

Оқу орнының  Жас Отан Жастар қанатының мүшелері  30 қыркүйек  күні  Нұр Отан партиясымен бірлесіп, Алматы қаласы, Түрксіб ауданының  қарттарын    «Қарттар күнімен»  құттықтап келді.Аталмыш іс-шараның мақсаты- «Ардагерлерді ардақтайық» акциясы аясында қарттарға  құрмет көрсетіп, оларды назардан тыс қалдырмау. Сондай-ақ, жастардың бойына қайырымдылық қасиетін сіңіру, қоғамда біздің қамқорлығымызға мұқтаж жандар бар екенін олардың естеріне салу, қазыналы қарттарымызды  бағалау керек екенін насихаттау болды. Осы орайда, “Жас Отан” белсенділері  қазыналы қарттардың салиқалы әңгімелерін тыңдап,рухты сөздеріне  жігерленіп, сыйлықтарын табыстап, тағылымы терең әңгімелеріне   алғыс білдірді.

№1 АЛМАТЫ ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТТІК ГУМАНИТАРЛЫҚ - ПЕДАГОГТІК КОЛЛЕДЖІ

© 2021. Барлық құқықтар сақталған.