25 маусымынан бастап ақысыз білім алу конкурсына қатысуға өтінімдерді қабылдау басталады
№ 1 Алматы қазақ мемлекеттік гуманитарлық-педагогтік колледжі 2021-2022 оқу жылы
№ | Мамандық атаулары | Бейіндік пән атауы |
1 | 01120100– «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» 4S01120102 – «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарының тәрбиешісі» | Қазақ тілі, қазақ әдебиеті, биология;
|
| 01120100– «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» 3W01120101- «Тәрбиешінің көмекшісі» | Әңгімелесу;
|
2 | 01140100– «Бастауыш білім беру педагогикасы мен әдістемесі» 4S01140101 – «Бастауыш білім беру мұғалімі» | Қазақ тілі,алгебра, биология;
|
| 01140500 – «Дене тәрбиесі және спорт» 4S01140501- «Дене тәрбиесі мұғалімі»
| Қазақ тілі, биология, мамандандыру бойынша нормативтерді тапсыру (спортттық көрсеткіштер және жетістіктер бойынша портфолио) |
3 | 01140600 – «Негізгі орта білім берудегі тіл мен әдебиетті оқытудың педагогикасы мен әдістемесі»: 4S 01140601- «Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі»; мұғалімі»; | Қазақ тілі, қазақ әдебиеті, дүниежүзілік тарих |
4 | 01140600 – «Негізгі орта білім берудегі тіл мен әдебиетті оқытудың педагогикасы мен әдістемесі»: 4S 01140605 – «Шетел тілі мұғалімі». | Қазақ тілі, ағылшын тілі, дүниежүзілік тарих |
5 | 01140600 – «Негізгі орта білім берудегі тіл мен әдебиетті оқытудың педагогикасы мен әдістемесі»: 4S 01140602- «Орыс тілі мен әдебиеті | Қазақ тілі, орыс тілі мен әдебиеті, дүниежүзілік тарих |
6 | 01140700 – «Информатика»: 4S01140701- «Бастауыш және негізгі орта білім берудің информатика мұғалімі». | Қазақ тілі, алгебра, информатика
|
9 | 01140100– «Бастауыш білім беру педагогикасы мен әдістемесі» 4S01140101 – «Бастауыш білім беру мұғалімі» 11 сынып | Қазақ тілі, алгебра биология, қазақстан тарихы;
|
10 | 4S 02310101 – «Аудармашы». 02310100 – «Аударма ісі»:
| Қазақ тілі, қазақ әдебиеті, ағылшын тілі; |
МАМАНДЫҚТАР
01120100– «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту»
3W01120101- «Тәрбиешінің көмекшісі» -10ай
4S01120102 – «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарының тәрбиешісі» 3жыл 10 ай
01140500 – «Дене тәрбиесі және спорт»
4S01140501- «Дене тәрбиесі мұғалімі» 3жыл 10 ай
01140100– «Бастауыш білім беру педагогикасы мен әдістемесі»
4S01140101 – «Бастауыш білім беру мұғалімі» 3жыл 10 ай
01140600 – «Негізгі орта білім берудегі тіл мен
әдебиетті оқытудың педагогикасы мен әдістемесі»
4S01140601- Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
4S01140602 – «Орыс тілі мен әдебиеті мұғалімі»
4S01140605- «Шетел тілі мұғалімі»
3 жыл 10 ай
01140700 –«Информатика»
4S01140701- «Бастауыш және негізгі орта білім берудің информатика мұғалімі»
3 жыл 10 ай
02310100 – Аударма ісі
4S02310101 – Аудармашы
2 жыл 10 ай
Талапкерлер назарына №1 АҚМГП колледжі ұсынады
КОЛЛЕДЖДІҢ МАТЕРИАЛДЫҚ - ТЕХНИКАЛЫҚ БАЗАСЫ
Колледжде 2 және 4 қабатты оқу ғимараттары – ( 43,10 шаршы метр) және 22 оқу және 4 мультимедия кабинеттері, 4 оқу лабороториясы; 4 қабатты студенттер жатақханасы – (300 орындық); асхана – (125 орындық); акт залы – (338 орындық); 2 спорт залы – (418 шаршы метр), футбол алаңы – (800 шаршы метр) бар.
Колледждің оқу кабинеттері қазіргі заман талабына сай компьютерлік және мультимедиялық құралдармен жабдықталған, ұлт аспаптар оркестрі, химия, физика лабораториялары қайта жабдықталған, 2 мультимедиалық – лингафондық кабинеті, 234 компьютермен 10 моноблокпен, 33 интерактивті тақтамен, 5 интерактивті панельдермен жабдықталған аудиториялары, электрондық оқу залы мен заман талабына сай аудио-видеоқормен жабдықталған электронды кітапхана, интернет және 5 Wi-Fi нүктелерін тарататын компьютерлік жүйеге енгізілген.
Кітапхана қорындағы кітаптар – 40945 дана, оның ішінде электрондық және магниттік тасымалдағыштардағы оқу әдебиеттер 643 дана, қазақ тілінде 450 дана. Кітапхана сөрелері оқу – әдістемелік әдебиеттер қорымен бірге түрлі көркем әдебиеттермен, орта білім берудің жаңартылған мазмұнына сай оқулықтармен, Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» жобалардың бірі – «Жаңа гуманитарлық білім: қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» аясындағы оқулықтармен, «Кәсіпқор» холдингінің электронды оқулықтарымен, Алматы қаласы кәсіпкерлер палатасының «Кәсіпкерлік негіздері» факультатив сабақтарының оқулықтарымен толықтырылған.
Колледж ғимаратының іші мен сыртқы жақтарына 115 видео бақылау камералары орнатылған.