ЖАҢАРТЫЛҒАН БІЛІМ МАЗМҰНЫ ОҚУЛЫҚТАРЫН ЖАЗУҒА ҚАТЫСУ
![](https://pedkol1.edu.kz/wp-content/uploads/2020/05/19.jpg)
Колледждің арнайы пәндер оқытушысы
У.Ж.Мұхамеджанова ТжКБ
оқу орындарына арналған оқулықтар авторы:
1. ҚР БжҒМ ұсынуымен 0105000 – «Бастауыш білім беру» мамандығына арналған «Дене шынықтыру пәнін оқыту әдістемесі»- оқу құралы жаңартылған білім беру мазмұнына сәйкес қайта өңделіп «Фолиант баспасы», 2018 жарық көрді;
2.Қаз МҚПУ жанындағы Республикалық оқу-әдістемелік Кеңесінің шешімімен ұсынылған ТарМПУ-нің оқытушысы А.М. Жұбандықовамен қосарлы авторлықта «Мектеп жасына дейінгі балалардың дене тәрбиесі теориясы және әдістемесі»-оқу құралы жаңартылған білім беру мазмұнына сәйкес «Онон» баспасынан 2018 жылы жарық көрді
![](https://pedkol1.edu.kz/wp-content/uploads/2020/05/20.png)
У.Ж. Мұхамеджанова, А.М. Жубандыкованың
«Мектеп жасына дейінгі балалардың дене тәрбиесі теориясы және әдістемесі»-оқу құралы және оның электронды нұсқасы
Тараз мемлекеттік педагогикалық университетінде «Цифрлы Қазақстан жағдайындағы үздіксіз педагогикалық білім беру жүйесін модернизациялау: өзекті мәселелер және шешу жолдары» атты ІІ Республикалық педоқулары аясында «Үздік педагогикалық өнім -2019» байқауына келіп түскен 300 жұмыстың арасынан «Үздік оқу құралы» аталымына ие болып, І дәрежелі дипломмен марапатталды.
![](https://pedkol1.edu.kz/wp-content/uploads/2020/05/22.jpg)
![23 23](https://pedkol1.edu.kz/wp-content/uploads/2020/05/23.jpg)
Қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің оқытушысы
Г.Б. ТОҚТЫБАЕВА ҚазМҚПУ оқытушылары Н.Т.Ермекова,
Ж.Ж.Отарбековалармен қосалқы авторлықпен орта білімнің жаңартылған білім мазмұны бойынша негізгі және жалпы орта білім беру деңгейлеріне арналған «Арман-ТВ» және «Айплюс» оқу орталығы баспаларынан 2017,2018 жылдары жарық көрген төмендегі оқулықтарды жазуға қатысты:
– «Қазақ тілі» оқулығы – 6 сынып;
– «Қазақ тілі» диктанттар мен мазмұндамалар жинағы- 6 сынып;
– «Қазақ тілі» дидактикалық материалдар -6 сынып;
– «Қазақ тілі» оқулық-7 сынып;
– «Қазақ тілі» мұғалім кітабы -7 сынып;
– «Қазақ тілі» оқулық кешені -10 сынып;
– «Қазақ тілі» Назарбаев зияткерлік мектебіне және өзге
жетекші мектептерге дайындалуға арналған оқулық – 1 модуль
![](https://pedkol1.edu.kz/wp-content/uploads/2020/05/24.png)
![](https://pedkol1.edu.kz/wp-content/uploads/2020/05/25.jpg)
Г.Б. Тоқтыбаева – шығармашыл педагог ретінде 2018 жылы 1 – желтоқсан Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті күніне орай Алматы қаласы әкімінің бағалы силығына ие болды.