Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы
Қазақстан Республикасының рәміздері
![]()

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны
Алтын күн аспаны,
Алтын дән даласы,
Ерліктің дастаны,
Еліме қарашы!
Ежелден ер деген,
Даңқымыз шықты ғой.
Намысын бермеген,
Қазағым мықты ғой!
Қайырмасы:
Менің елім, менің елім,
Гүлің болып егілемін,
Жырың болып төгілемін, елім!
Туған жерім менің — Қазақстаным!
Ұрпаққа жол ашқан,
Кең байтақ жерім бар.
Бірлігі жарасқан,
Тәуелсіз елім бар.
Қарсы алған уақытты,
Мәңгілік досындай.
Біздің ел бақытты,
Біздің ел осындай!
Қайырмасы:
Менің елім, менің елім,
Гүлің болып егілемін,
Жырың болып төгілемін, елім!
Туған жерім менің — Қазақстаным!
КОЛЛЕДЖ МИССИЯСЫ
БІЛІМ БЕРУ САПАСЫН АРТТЫРУҒА ҚАБІЛЕТТІ ЖАҢА ФОРМАТТАҒЫ ПЕДАГОГТАР ДАЙЫНДАУ!
БІЛІМ БЕРУ САПАСЫН
АРТТЫРУҒА ҚАБІЛЕТТІ ЖАҢА ФОРМАТТАҒЫ
ПЕДАГОГТАР ДАЙЫНДАУ!
КОЛЛЕДЖДІҢ ЕЛЕУЛІ ТАРИХИ КЕЗЕҢДЕРІ
«№1 Алматы қазақ гуманитарлық- педагогикалық колледжі» КМҚК – жаңа технологиялар мен жұмыс жасауға қабілетті, еңбек нарығында сұранысқа ие кәсіби мамандар жұмыс жасайтын өзекті білім беру жүйесі, ашық ақпараттық ортасы және заманауи инфрақұрылымы бар оқу орны.
Колледждің елеулі тарихи кезеңдері:
1978 ж. Алматы қалалық мектепке дейінгі тәрбие педагогикалық училищесі.
1990 ж. №1 Алматы педагогтік училищесі.
1994 ж. №1 Алматы қазақ педагогтік училищесі.
1995 ж. Колледж мәртебесі берілді.
1999 ж. Ы.Алтынсарин атындағы Қазақ Білім Академиясының ғылыми – әдістемелік эксперименттік алаңы.
1999 – 2016 жж. Педагогикалық мамандықтар бойынша Республикалық оқу – әдістемелік бірлестік.
2000 ж. Алматы қаласы бойынша әкімінің қаржылай силығының иегері.
2001 ж. «Республикалық таңдаулы жыл колледжі» байқауының бас жүлдесін иеленді.
2008 ж. «№ 1 Алматы қазақ мемлекеттік гуманитарлық – педагогтік колледжі» МКҚК.
2014 -2018 жж. “Өзін –өзі тану” рухани –адамгершілік бағдарламасын педагогикалық үдеріске енгізуші пилоттық оқу орны.
2017-2018 жж. «Кәсіпқор» Холдингінің республикадағы салааралық колледждерді ранжирлеу нәтижесі бойынша педагогикалық колледждердің арасында рейтинг бойынша ІІ – орын иеленді.
2019 ж. “Өзін –өзі тану” рухани –адамгершілік бағдарламасын педагогикалық үдеріске енгізудің базалық оқу орны.
2019 ж. қазақстандық тәуелсіз аккредиттеу орталығының институционалды және мамандандырылған аккредиттеу туралы куәліктерін алды.
2022 ж. жаңа форматтағы аттестаттаудан өтті.
2024ж. «№1 Алматы қазақ гуманитарлық-педагогикалық колледжі» КМҚК.
МАТЕРИАЛДЫҚ ТЕХНИКАЛЫҚ БАЗАСЫ:
Жалпы жер аумағы – 1.3 га; Жобалау пәрменділігі – 750.
Оқу ғимараттарының жалпы ауданы – 6294,4 кв.м., негізгі ғимарат -1962 жылы, қосымша құрылыс -2018 жылы салынған, 15 оқу кабинеті және кітапхана жаңа модификациямен жабдықталған;
Кітапхана қоры – 60 000 дана, кітапханада оқу залы, буккроссинг бұрышы заманауи құрылғылармен жабдықталған. Оқу кабинеттерінің саны – 22; Мультимедия кабинеттері – 4; Оқу лабораториялары – 4; Интерактивті панельдер мен тақталар -43, моноблок-52, ноутбуктер -56, компьютерлер -40.
Студенттер жатақханасы – 300 орындық; Асхана – 125 орындық
Акт залы – 338 орындық; Спорт залдары – 418 кв.м; Футбол алаңы – 800 кв.м. Қауіпсіздіктің алдын алу және жағдай жасау мақсатында сыртқы – 42, ішкі – 117 нүктеде видеокамералар және 4 Face ID терминалдарымен 2 турникет, 3 пандус орнату арқылы қауіпсіз кіріп-шығу, мамандандырылған күзет және бақылау жүйесі қамтамасыз етілген.

КОЛЛЕДЖДЕ ДАЯРЛАНАТЫН МАМАНДЫҚТАР
01120100 – МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ТӘРБИЕ ЖӘНЕ ОҚЫТУ
4S01120102 – МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ТӘРБИЕ МЕН ОҚЫТУ ҰЙЫМДАРЫНЫҢ ТӘРБИЕШІСІ
01140100 – БАСТАУЫШ БІЛІМ БЕРУ ПЕДАГОГИКАСЫ МЕН ӘДІСТЕМЕСІ
4S01140101 – БАСТАУЫШ БІЛІМ БЕРУ МҰҒАЛІМІ
01140600 – НЕГІЗГІ ОРТА БІЛІМ БЕРУДЕГІ ТІЛ МЕН ӘДЕБИЕТТІ ОҚЫТУДЫҢ ПЕДАГОГИКАСЫ МЕН ӘДІСТЕМЕСІ
4S 01140601 – ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТІ МҰҒАЛІМІ
4S01140602 – ОРЫС ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТІ МҰҒАЛІМІ
4S 01140605 – ШЕТЕЛ ТІЛІ МҰҒАЛІМІ
01140700 – ИНФОРМАТИКА
4S01140701 – БАСТАУЫШ ЖӘНЕ НЕГІЗГІ ОРТА БІЛІМ БЕРУДІҢ ИНФОРМАТИКА МҰҒАЛІМІ
01140500 – ДЕНЕ ТӘРБИЕСІ ЖӘНЕ СПОРТ
4S01140501 – ДЕНЕ ТӘРБИЕСІ МҰҒАЛІМІ















