2026 жылдың 25-27 наурыз күндері АЙМАҚТЫҚ «WORLDSKIILS ALMATY -2026» №1 Алматы қазақ гуманитарлық-педагогикалық колледжі алаңында ұйымдастырылды. «Бастауыш сыныптарда оқыту» құзыреттілігі бойынша кәсіби шеберлік сайысына Алматы қаласының педагогикалық колледждері: №1 Алматы қазақ гуманитарлық-педагогикалық колледжі, №2 Алматы гуманитарлық-педагогикалық колледжі, «Бөбек» гуманитарлық колледжі, «Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті» КеАҚ құрамындағы Кәсіби білім беру колледжі, «ҚазНұр» гуманитарлық колледжі, ALT педагогикалық колледжі, Алматы экономикалық-құқықтық және педагогикалық колледжі, Q college, ЖК «Жоғары қазақ- түрік гуманитарлық- технологиялық колледжі» студенттері қатысуда. 43 құзыреттілік бойынша 470 студент бақ сынаған чемпионатта №1 Алматы қазақ гуманитарлық-педагогикалық колледжі студенті Туляубай Қарақат жеңімпаз І орынды иеленіп, дипломмен, 150 000тг ақшалай сыйлықпен марапатталды. Жүлделі ІІ орынды №2 Алматы гуманитарлық-педагогикалық колледж студеенті Ибраева Аруна иеленіп, 100 000тг ақшалай сыйлықпен марапатталды, жүлделі III орынды «ҚазНұр» гуманитарлық колледж студенті Сәтбек Сабина иеленіп, 50 000тг ақшалай сыйлықпен марапатталды.






