2025 – 2026 оқу жылының сәуір айында жоспарға сәйкес №1 Алматы қазақ гуманитарлық-педагогикалық колледжінде 01120100 – «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» мамандығы, 01140100 – «Бастауыш білім беру педагогикасы мен әдістемесі» мамандығы, 01140500 – «Дене тәрбиесі және спорт» мамандығы, 01140600 – «Негізгі орта білім берудегі тіл мен әдебиетті оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» мамандығы, 01140700 – «Информатика» мамандығы және 02310100 – «Аударма ісі» мамандығы бойынша курстық жұмыстарды қорғау жүргізілуде.
3-курс 131 топ студенттері Құламбай Анель, Изимова Тахмина, Уанғанқызы Ақмарал, Тұрсын Еркегүл курстық жұмыстарын қорғады. Пән: Қазақ тілін оқыту әдістемесі. Тақырыптар мазмұнды, заманауи және білім беру саласының өзекті бағыттарын қамтыды.
Студенттер өз білімдері мен шығармашылық ізденістерін жоғары деңгейде көрсетіп, болашақ ұстаз ретінде кәсіби құзыреттіліктерін көрсете білді.

