Оқу орнында білім беру кеңістігін дамытуға педагогикалық тәжірибені жетілдіруге бағытталған «Білім негізі» бастауыш білім беру құзыреттілік орталығы мен «Тең мүмкіндік» инклюзивті білім беру орталығының ашылу салтанаты ұйымдастырылды. Инклюзивті білім беру кабинеті мен WorldSkills кабинетін біріктіретін Құзыреттілік орталығының ашылу салтанатына «Талап» КЕАҚ ұйымдастырған 2 модуль бойынша «Колледж басшысының жұмыс орнында оқыту» біліктілікті арттыру курсының тренері және колледж директоры М.Т.Мендгазиеваның басшылығымен еліміздің әр өңірінен келген колледж директорлары, Алматы қаласы Білім басқармасының жетекші мамандары, БАҚ өкілдері қатысты.
Бұл орталық – болашақ педагогтердің кәсіби құзыреттілігін дамытуға, заманауи білім беру әдістерін меңгеруге, ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды қолдауға бағытталған маңызды қадам. Келген қонақтарға Сингапур, Малайзия, Швеция, Финляндия және АҚШ елдеріндегі халықаралық тағылымдама тәжірибесімен бөлісуге арналған «Әлемге ашылған терезе» сторителлинг-сессиясы ұйымдастырылды.
Шара барысында шетелдік білім беру жүйелеріндегі озық тәжірибелер, заманауи педагогикалық тәсілдер, инклюзивті білім беруді ұйымдастыру жолдары және халықаралық тәжірибені отандық білім беру үдерісіне енгізу мүмкіндіктері талқыланды.









