2026 жылғы 19-30 аралығында №1 АҚГПК-де «TALAP» КЕАҚ ұйымдастыруымен республиканың техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының директорларына арналған «Білім берудегі менеджмент: колледж басшысының құзыреттілік моделі – колледжді тиімді басқарудың жолы» тақырыбында біліктілікті арттыру курсы өтті.
Курстың екінші модулі «Сторителлинг: Басқарудан дамуға: колледж тәжірибесі» тақырыбына арналды. «Менің басқарушылық қолтаңбам» тренингі барысында қатысушылар басқару тәжірибелерімен бөлісіп, көшбасшылық ұстанымдарын талқылады.
Колледж директоры М.Т. Мендгазиева «Колледждің даму формуласы» тақырыбында презентация ұсынып, қатысушылар колледж әлеуетін талдау және деректер негізінде тиімді басқарушылық шешімдер қабылдау бойынша практикалық тапсырмалар орындады.
✨ Басты мақсат – тәжірибе алмасу, басқарушылық құзыреттілікті дамыту және колледждердің тұрақты дамуына бағытталған жаңа идеяларды қалыптастыру.









