Алматы қаласындағы №1 Алматы қазақ педагогикалық колледжінде 12 наурыз 2026 жылы Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының оқытушылары мен студенттері арасында «Заманауи оқу әдістері мен ресурстары» тақырыбында республикалық қатысумен қалалық аукцион-жәрмеңке өтті.
Іс-шараның негізгі мақсаты – білім беру үдерісінде қолданылатын заманауи әдістер мен тиімді оқу ресурстарын насихаттау, педагогтердің кәсіби тәжірибесін жетілдіру, сондай-ақ білім беру ұйымдары арасындағы тәжірибе алмасуды дамыту.
Іс-шара барысында оқытушылар мен студенттер авторлық әдістемелік әзірлемелерін, цифрлық білім беру ресурстарын, инновациялық жобаларын және оқытудың заманауи әдістерін ұсынды. Қатысушылар білім беру саласындағы жаңашыл идеяларымен бөлісіп, оқу үдерісін жетілдіруге бағытталған жобаларын көпшілік назарына ұсынды.
Аукцион-жәрмеңкеге қатысу үшін барлығы 50 өтінім келіп түсті. Өтінімдер онлайн және офлайн форматтарда ұсынылды. Бұл қатысушылар географиясын кеңейтіп, түрлі білім беру ұйымдары өкілдерінің белсенді қатысуына мүмкіндік берді.
Іс-шараға Алматы қаласы білім беру саласының өкілдерінен құралған қазылар алқасы төрелік етті. Қазылар алқасының құрамында білім беру саласының тәжірибелі мамандары мен жоғары оқу орындарының оқытушылары болды.
Аукцион-жәрмеңке барысында қатысушылар өз жобаларын таныстырып, педагогикалық тәжірибелерімен бөлісті. Қазылар алқасы ұсынылған жұмыстарды бағалап, білім беру жүйесінде қолдануға тиімді әрі жаңашыл жобаларды ерекше атап өтті.
Іс-шара қорытындысы бойынша үздік жұмыстар анықталып, жеңімпаздар арнайы дипломдармен және алғыс хаттармен марапатталды.
Қалалық аукцион-жәрмеңке қорытындысы
- орын иегерлері – №1 Алматы Қазақ мемлекеттік гуманитарлық-педагогикалық колледжінің командасы:
Курманғалиева Ардақ Есжановна,Ағайдар Тоғжан Мейіржанқызы,Смағұлова Салтанат Қалибековна «Ең ерекше әдіс» номинациясымен марапатталды. - орын – «Ең креативті таныстырылым» номинациясы бойынша №2 Алматы мемлекеттік гуманитарлық-педагогикалық колледжі иеленді.
1-орын иегері – Жаркент жоғары педагогикалық колледжі. Жетекшісі: Сағат Еркебұлан Болатұлы
«Ең инновациялық тәсіл» номинациясымен марапатталды.
Бас жүлде – №1 Алматы Қазақ мемлекеттік гуманитарлық-педагогикалық колледжі,
ағылшын тілі пәнінің оқытушысы Дәурен Үкілім «Ең тиімді өнім» номинациясымен марапатталды.
Бұл аукцион-жәрмеңке педагогтердің шығармашылық әлеуетін дамытуға, білім беру саласындағы инновациялық тәжірибелерді кеңінен таратуға және заманауи білім беру әдістерін жетілдіруге үлкен мүмкіндік берді.

