Ағымдағы жылдың 12-17 сәуір аралығында «Мен өз ісімнің шеберімін» атты әдістемелік апталықта ашық сабақтар өткізілді.
Әдістемелік апталықтың мақсаты: колледждегі білікті де білімді оқытушылардың тәжірибесін тарату.
Апталық аясында арнайы пән оқытушылары У.Ж.Мухамеджанова, А.Т.Айтбаева, С.Ж.Дөненбай және тарих пәнінің оқытушысы Ә.К.Әлихан жаңа технологияларды қолдана отырып өз іс-тәжірибелерімен бөлісті. Сабақтарында білім алушылардың шығармашылық қабілеттерін арттыратын әдіс-тәсілдердің қолдану жолдарын көрсетіп, топпен белсенді жұмыс жасады. Апталықта көрсетілген ашық сабақтар ұжым тарапынан жоғары деңгейде өткізілді деп бағаланды.

16.04.2021ж арнайы пән оқытушысы А.Т.Айтбаева 43 ш тобына әдістемелік аптада «Дау-дамайлар және педагогикалық үрдістегі өзара әрекет» тақырыбында ашық сабақ өтті.
21 сәуір күні әдістемелік апта аясында 31 Д тобымен дене тәрбиесі және арнайы пән оқытушысы У.Ж.Мухамеджанова «Дене тәрбиесі сабағына дәрігерлік-медициналық бақылау» тақырыбында ашық сабағын өткізді.
14.04.2021 жылы тарих пәнінің оқытушысы Әлихан Әділқасым Карлұлы колледжішілік Әдістемелік аптада ZOOM электронды платформасында дүниежүзілік тарих пәні бойынша «Франклин Делано Рузвельт және оның «Жаңа бағыты» тақырыбында ашық сабағы өткізілді.

