«Талап» КЕАҚ ұйымдастырған ТжКБ ұйымдары басшыларының курсы аясында №1 Алматы қазақ гуманитарлық-педагогикалық колледжі педагогикалық тәжірибесімен бөлісуде.
Бүгін күннің екінші жартысында курс тыңдаушылары колледж оқытушыларының ашық сабақтарына қатысып, заманауи оқыту әдістерін, цифрлық ресурстар мен жасанды интеллект құралдарын сабақта қолдану тәжірибесімен танысты.
🔹 Б.К. Онгарова, тақырыбы: «Сын тұрғысынан ойлау технологиясы»
🔹 А.К. Бекұзақова, «Функционалдық сауаттылық: PISA, TIMSS, PIRLS халықаралық зерттеу бағдарламалары»
🔹 А.А. Капасова, тақырыбы: «Театральная лаборатория сложного предложения»
🔹 А.Б. Өмірбаева, тақырыбы: «Discover places: a robot’s first day on Earth. Plans and predictions with will and be going to»
Мазмұнды сабақтарда цифрлық ресурстар мен ЖИ құралдары оқу мақсаттарына сай қолданылып, студенттердің белсенді қатысуына, өз ойын еркін жеткізуіне және бірлесіп жұмыс істеуіне мүмкіндік берілді. Ашық сабақтар курс тыңдаушыларына әдістемелік тәжірибе алмасып, оқытудың тиімді тәсілдерін талқылауға жол ашты.

