«Талап» КЕАҚ ұйымдастырған ТжКБ ұйымдарының басшыларына арналған курс аясында №1 Алматы қазақ гуманитарлық-педагогикалық колледжі әдістемелік жұмысты ұйымдастыру және білім беру үдерісін цифрландыру тәжірибесін таныстырды.
Семинар «Колледждің цифрлық моделі» жобасы мен «AI колледж: білім беру процесін жаңғыртудың инновациялық моделі» тақырыптарында презентациялар ұсынылды. Электрондық білім беру қорын қалыптастыру, оқу материалдарын әзірлеуде жасанды интеллект құралдарын пайдалану және басқару үдерістерін автоматтандыру тәсілдері көрсетілді. Сонымен қатар оқытушылар мен студенттердің ғылыми-шығармашылық қызметін ұйымдастыру, зерттеушілік дағдыларын дамыту және инновациялық бастамаларын қолдау тәжірибесімен бөлісті. Курс тыңдаушылары студенттердің Startup жобаларының презентациялары мен көрмесін тамашалап, олардың идеялары мен практикалық шешімдерімен танысты.
Семинар барысында қатысушылар пікір алмасып, ұсынылған әдістемелік тәсілдер мен цифрлық шешімдерді өз ұйымдарының тәжірибесіне енгізу мүмкіндіктерін талқылады.







