№1 Алматы қазақ гуманитарлық-педагогикалық колледжінің 33 «Б» тобы және топ кураторы Избаева Н.Ж. ұйымдастыруымен жас ұстаздардың білімін, шеберлігін, шығармашылығын және жаңашыл ойлау қабілетін дамытуға арналған педагогикалық батл өткізілді.🌟
Батл барысында жас мамандар өздерінің ерекше тапқырлығын, шапшаңдығын, шығармашылық қабілетін және педагогикалық білімін керемет көрсете білді. Әр кезеңде белсенділік танытып, кез келген тапсырмаға тыңғылықты әрі креативті шешім таба білді. 💡
🔹 1-кезең — «БІЗ КІМБІЗ?»
🔹 2-кезең — «ИДЕЯ ГЕНЕРАТОРЫ» 💡
🔹 3-кезең — «ВИКТОРИНА — СҰРАҚ-ЖАУАП» 🧠
🔹 4-кезең — «ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ДЕТЕКТИВ» 🕵️♀️
🔹 5-кезең — «МЕН КІММІН?» 🎭
Әр кезең — білім мен тапқырлықты, шеберлік пен шығармашылықты ұштастырған ерекше сәттерге толы болды. Жас мамандардың бір-бірін қолдап, ұйымшылдықпен жұмыс жасауы да ерекше әсер қалдырды. 🤍
🏆 Батл соңында үздік нәтиже көрсеткен қатысушылар марапатталды.
Осындай алғыр, ізденімпаз, тапқыр әрі жаңашыл жас мамандардың педагогика саласына қадам басуы — болашаққа деген үлкен сенім! ✨
Білімді ұрпақ тәрбиелейтін — ізденімпаз ұстаз.
Ал жаңашыл ұстаз — жарқын болашақтың бастауы! 💫

