Біліктілігі: 4S01140101 – «Орыс тілі мен әдебиеті мұғалімі».
Бұл – болашақ педагогтердің кәсіби қалыптасуындағы маңызды кезең, мұнда әрбір студент тек теориялық дайындық деңгейін ғана емес, сонымен қатар алған білімін тәжірибеде қолдана білу қабілетін көрсетті. Жұмыстардың тақырыптары өзектілігімен, талдаудың тереңдігімен және шығармашылық көзқараспен ерекшеленді.
Қорғау барысында студенттер өз зерттеулерінің нәтижелерін сенімді түрде ұсынып, комиссия сұрақтарына дәлелді жауап беріп, қалыптасқан кәсіби құзыреттерін, сыни ойлау қабілеттерін және таңдаған мамандықтарына деген сүйіспеншіліктерін көрсетті.
Әсіресе, көптеген жұмыстардың заманауи білім беру технологияларына, инклюзивті оқытуға және оқырмандық мәдениетті дамытуға бағытталғанын атап өткен жөн.
Студенттерді курстық жұмыстарын сәтті қорғауымен құттықтаймыз! Алдағы кәсіби жолдарында табыс, шабыт және педагогикалық қызметте сенімді бастау тілейміз!
Курстық жұмыс жетекшісі, арнайы пәндер оқытушысы – Капасова А.А.

