«СЕНІМ МЕН САНА: ҚАЗІРГІ ҚОҒАМДАҒЫ ДІННІҢ ОРНЫ»
тақырыбында танымдық кездесу
05.02.2026жыл колледжімізде Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің оқытушысы, дінтанушы
Ж. А. Байгараев «Сенім мен сана: қазіргі қоғамдағы діннің орны» тақырыбында танымдық әрі мазмұнды кездесу өтті. Кездесу барысында рухани құндылықтар, дін мен қоғамдағы өзара байланыс, жастар арасында дұрыс көзқарас қалыптастыру мәселелері талқыланды. Студенттер өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, пайдалы әрі маңызды ақпарат алды.
Мұндай кездесулер жастардың рухани дамуына, саналы ойлауына және қоғамдағы жауапкершілігін арттыруға ықпал етеді.
https://www.instagram.com/reel/DUYpmAkCESw/?igsh=MTkyejEzdzhwamdvMQ%3D%3D
«ДРОППЕР ДЕГЕНІМІЗ КІМ?» тақырыбындағы тәрбие сағаттары
05.02.2026ж. оқу орнында «Заң және тәртіп» айлығы аясында дроперлік қылмыстың алдын алу мақсатында «Дроппер дегеніміз кім?» , «Дропперлер деген кім және олардың алаяқтық әрекеттері қандай тақырыптарында барлық оқу топтарында тәрбие сағаттары ұйымдастырылды. Мақсаты құқықтық сауаттылығын арттыру, қаржылық алаяқтықтың алдын алу, «дроппер» ұғымының мәнін түсіндіру, сондай-ақ заңсыз әрекеттерге араласудың құқықтық салдары туралы түсінік қалыптастыру болды. Тәрбие сағатының барысында білім алушылар дроппердің кім екені, оның қандай жолмен қылмыстық схемаларға тартылатыны, мұндай әрекеттердің қоғамға және жеке тұлғаға тигізетін зияны жөнінде өз ойларын білдірді. Сонымен қатар, заң мен тәртіпті сақтаудың маңыздылығы, жауапкершілік пен саналы таңдаудың рөлі туралы, дроперліктің заң алдындағы жауапкершілігі және салдары туралы түсіндірілді. Студенттерге қаржылық қауіпсіздік пен сақтық шаралары туралы маңызды ақпарат берілді.
https://www.instagram.com/p/DUYuZX-gGX6/?img_index=3&igsh=Mml1ZXRrdzg3ZXd4
ЖАСТАР АРАСЫНДА ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ БОЙЫНША КЕЗДЕСУ
05.02.2026ж. Жастар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу — басты міндет! Оқу орнымызда Түрксіб аудандық ювеналды полиция инспекторлары мен директордың оқу-тәрбие жұмысы жөнінен орынбасары А.А.Байтекеева жастар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында түсіндірме жұмыстары жүргізді. Кездесу барысында заң талаптары, құқықтық жауапкершілік және құқық бұзушылықтың салдары туралы маңызды ақпарат берілді. Студенттер өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алып, заңды сақтау әр азаматтың міндеті екендігі, жауапкершілік және тәртіп туралы пайдалы мәліметтер алды.Мұндай кездесулер жастардың құқықтық сауаттылығын арттыруға үлкен ықпал етеді.
https://www.instagram.com/p/DUZ2ERbgjF1/?igsh=MTZobmoxZWI2MXNqZQ%3D%3D
НАШАҚОРЛЫҚ – ҚОҒАМ ДЕРТІ
09.02.2026ж. Нашақорлық – адам денсаулығына, отбасына және тұтас қоғамға зор қауіп төндіретін әлеуметтік дерт. Есірткі заттарын қолдану- адамды физикалық және психологиялық тәуелділікке алып келеді, еңбекке қабілетін төмендетіп, өмір сүру сапасын күрт нашарлатады. Нашақорлықтың алдын алудың ең тиімді жолы – алдын алу шаралары. Бұл – салауатты өмір салтын насихаттау, жастарға дұрыс бағыт-бағдар беру, спорт пен пайдалы бос уақытты ұйымдастыру, сондай-ақ ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүйелі жүргізу. Бүгін оқу орнымызда есірткінің алдын алу, жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау және құқық бұзушылықтың алдын алумен айналысатын «Наркопост» қоғамдық қорының маманы Ерлан Тажибаев дәріс өткізіп, есірткі мен вейптің зияны туралы ақпараттандырды. Шараның басты мақсаты – студенттердің саналы таңдау жасауына ықпал ету, салауатты өмір салтын насихаттау және зиянды әдеттерге қарсы иммунитет қалыптастыру.Есірткінің адамның орталық жүйке жүйесіне әсер етіп, рухани және физикалық тепе-теңдікті бұзатын, рухани және физикалық тәуелділікке жол ашатын зат екендігі туралы, есірткі қолданудың адамның денсаулығына, ақыл-ой және рухани дүниесіне, қоғамға тигізетін орасан зор зияны өте көп екендігі туралы жан-жақты түсіндірді.
Салауатты өмір – жарқын болашақтың кепілі!
https://www.instagram.com/p/DUkP06lAsAc/?img_index=2&igsh=b3ZvN2xxejJ4M3U1
ЖЕКЕ БОСТАНДЫҚҚА ҚҰҚЫҚ – ӘР АДАМНЫҢ АЖЫРАМАС ҚҰҚЫҒЫ!
11.02.2026ж. Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес, әркімнің жеке бостандығына және қадір-қасиетіне қол сұғылмайды.
Ешкім де зорлық-зомбылыққа, қысымға немесе еркінен тыс некеге тұруға мәжбүрленбеуі тиіс.
🚫 Зорлық-зомбылық
Тұрмыстық немесе кез келген басқа зорлық-зомбылық – заңмен жазаланатын әрекет.
ҚР Қылмыстық кодексіне сәйкес, денсаулыққа зиян келтіру, психологиялық қысым көрсету – қылмыстық жауапкершілікке әкеледі.
🚫 Сталкинг (қудалау)
Үнемі мазалау, аңду, қорқыту, онлайн қудалау – адамның жеке өміріне қол сұғу. Мұндай әрекеттер үшін әкімшілік немесе қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.
🚫 Некеге мәжбүрлеу
Еркін келісімсіз неке – заңсыз. ҚР заңнамасына сәйкес, некеге тұру тек екі тараптың ерікті және толық келісімімен жүзеге асады. Мәжбүрлеу – құқық бұзушылық.
Бүгін оқу орнымызда барлық оқу топтарында «Жеке бостандыққа құқық: зорлық-зомбылыққа, сталкингке және некеге мәжбүрлеуге қатысты құқықтық негіздер мен жауапкершілік» тақырыбында Республикалық біртұтас тәрбие сағаты өткізілді.Тәрбие сағаты барысында білім алушылар жеке қауіпсіздік, құқықтық сауаттылық, адамның жеке таңдауына құрмет және зорлық-зомбылықтың кез келген түріне нөлдік төзімділік қағидалары туралы маңызды ақпарат алды.Осындай тәрбие сағаттары жастардың құқықтық мәдениетін қалыптастырып, саналы қоғам құруға үлкен үлес қосады.
https://www.instagram.com/p/DUph2oMCNGc/?img_index=1&igsh=eHJycjQ1bWIwcmsz
12.02.2026ж. «Жеке бостандыққа құқық: зорлық-зомбылыққа, сталкингке және некеге мәжбүрлеуге қатысты құқықтық негіздер мен жауапкершілік» тақырыбында тәрбие сағаттары өткізілді.
Тәрбие сағаты барысында білім алушылар жеке қауіпсіздік, құқықтық сауаттылық, адамның жеке таңдауына құрмет және зорлық-зомбылықтың кез келген түріне нөлдік төзімділік қағидалары туралы маңызды ақпарат алды.
https://www.instagram.com/p/DUpn47biHYZ/?igsh=aGh3MnJrZXJhOGZu
«ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚСЫЗ БОЛАШАҚ – ӨЗ ҚОЛЫМЫЗДА»
12.02.2026ж. Болашақ – дайын күйінде келмейді. Оны біз бүгінгі әрекетімізбен қалыптастырамыз. Зорлық-зомбылықсыз қоғам – бұл арман емес, бұл саналы таңдаудың нәтижесі. Бүгінгі студент – ертеңгі ұстаз, дәрігер, заңгер, ата-ана, көшбасшы. Сондықтан әрқайсымыз өз ортамызда:
Құрмет мәдениетін қалыптастыра аламыз, әлсізді қолдай аламыз, әділетсіздікке бейжай қарамай, өз эмоциямызды басқаруды үйрене аламыз.
Зорлық-зомбылықсыз болашақ үлкен өзгерістерден басталмайды. Ол: бір жылы сөзден, бір қолдаудан, бір әділ шешімнен,бір батыл «жоқ» деуден басталады. Қоғамның сапасы – адамдардың санасымен өлшенеді.Сіз – өзгерістің бастамашысы бола аласыз. Жақсылық жасау әлсіздік емес, ол – кемелдіктің белгісі. Болашақта қандай қоғамда өмір сүргіңіз келеді?
Сол қоғамды бүгіннен бастап өзіңіз құрыңыз.Бір-бірімізге тірек болайық.
Өйткені қауіпсіз орта – табысты болашақтың негізі!
https://www.instagram.com/reel/DUp2iYYiBQs/?igsh=MWgxNHM0YnN5aXBzbw%3D%3D
«ИНТЕРНЕТ ӘЛЕМІНДЕГІ ЖАСЫРЫН ҚАУІП» ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫҚ ОЙЫНЫ
12.02.2026 күні білім алушылар арасында «Интернет әлеміндегі жасырын қауіп» тақырыбында интеллектуалдық ойын ұйымдастырылды.
Ойын 4 кезеңнен тұрды және қатысушылар интернеттегі қауіпсіздік, киберқауіптер, жеке деректерді қорғау, цифрлық сауаттылық бойынша білімдерін сынады.
Оқушылар белсенділік танытып, логикалық ойлау, жылдам шешім қабылдау және командалық жұмыс дағдыларын көрсетті.
Мұндай іс-шаралар білім алушылардың цифрлық қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыруға және ақпараттық сауаттылығын арттыруға үлкен үлес қосады. https://www.instagram.com/reel/DUqksx2iMCq/?igsh=azc3bXd2dGkwZmhl
«АДАМГЕРШІЛІК ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС МӘДЕНИЕТІ: ҚҰРМЕТ, КЕЛІСІМ ЖӘНЕ ЖЕКЕ ШЕКАРАЛАР»
16.02.2026ж. «Адамгершілік қарым-қатынас мәдениеті: құрмет, келісім және жеке шекаралар» тақырыбында Республикалық біртұтас тәрбие сағаты ұйымдастырылды.
Тәрбие сағаты барысында студенттер адамгершілік құндылықтардың қоғамдағы орны, өзара сыйластық, келісім мәдениеті және жеке шекаралардың маңызы туралы ой бөлісті. Пікірталас, топтық тапсырмалар мен өмірлік мысалдар арқылы жастар өзара түсіністік пен жауапкершіліктің қаншалықты маңызды екенін ұғынды.
Қазіргі қоғамда әр адамның пікірін құрметтеу, «жоқ» деп айта білу, өз құқығын қорғау және өзгенің шекарасын сыйлау – табысты тұлға қалыптастырудың негізі екені айтылды.
Осындай тәрбиелік шаралар студенттердің азаматтық ұстанымын қалыптастырып, мәдениетті қарым-қатынас дағдыларын дамытуға үлкен үлес қосады.
https://www.instagram.com/p/DU0GfxvACEv/?igsh=MXdhYzNva2s1Z25rcQ%3D%3D
«ИНТЕРНЕТТЕГІ ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТАР ЖӘНЕ ЗАҢ АЛДЫНДАҒЫ ЖАУАПКЕРШІЛІК»
16.02.2026ж. Колледжімізде Түрксіб аудандық ювеналды полиция инспекторларымен «Интернеттегі құқық бұзушылықтар және заң алдындағы жауапкершілік» тақырыбында маңызды кездесу өтті.
Кездесу барысында студенттерге кибербуллинг, жалған ақпарат тарату, жеке деректерді қорғау, интернеттегі алаяқтық сияқты өзекті мәселелер түсіндірілді. Сонымен қатар, заң бұзушылықтың салдары мен жасөспірімдердің құқықтық жауапкершілігі туралы пайдалы ақпарат берілді.
Студенттер өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, нақты мысалдар арқылы маңызды кеңестер алды. Қауіпсіз интернет – әрқайсымыздың ортақ жауапкершілігіміз!
https://www.instagram.com/p/DU2cs4JiATI/?igsh=MThpcXBlMzhuejQ2Nw%3D%3D
27.02.2026ж. Алматы қаласы Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының аса маңызды істер жөніндегі аға жедел уәкілі, полиция подполковнигі Көбеев Дәурен Асқарұлы №1 Алматы қазақ гуманитарлық-педагогикалық колледжі студенттеріне арнап дәріс өткізді.
Дәріс барысында есірткі қылмысының алдын алу, жастар арасындағы құқықбұзушылықтың салдары, сондай-ақ заңнамада қарастырылған жауапкершілік түрлері кеңінен түсіндірілді. Сонымен қатар, зиянды әдеттердің денсаулыққа және қоғамға тигізетін кері әсері жөнінде нақты мысалдар келтіріліп, студенттер тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берілді.
Іс-шараның мақсаты – жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру, салауатты өмір салтын насихаттау және есірткіге қарсы иммунитет қалыптастыру болып табылады. https://www.instagram.com/p/DVQdBDtiHIh/?igsh=MTFoNnRxZWh4azVwMA%3D%3D
01 НАУРЫЗ – АЛҒЫС АЙТУ КҮНІ
02.03.2026ж Колледжімізде Алғыс айту күніне орай «Ризашылық – жүректен шыққан жылы сөз» тақырыбында ашық тәрбие сағаттары өткізілді.
Тәрбие сағаты барысында білім алушылар бір-біріне, ұстаздарына, ата-аналарына деген шынайы алғыстарын білдіріп, жүрекжарды тілектерін арнады. Ризашылық білдіру арқылы адам бойындағы мейірімділік, сыйластық, ізгілік қасиеттері дәріптелді.
https://www.instagram.com/p/DVYJD8kCMio/?igsh=MW8yd2U0dXFoNW52dw%3D%3D
05.03.2026ж. Бүгін колледжде маңызды тақырыпқа арналған танымдық видео көрсетілді. Онда некеге мәжбүрлеу, сталкинг және әйелдерге қатысты басқа да зорлық-зомбылық түрлері туралы айтылып, құқықтық сауаттылықты арттыру мен қоғамда нөлдік төзімділік қалыптастырудың маңызы түсіндірілді.
Әр адам өз құқығын біліп, зорлық-зомбылықтың кез келген түріне бейжай қарамауы керек. Қауіпсіз әрі құрметке негізделген қоғам құру — баршамыздың ортақ міндетіміз.
https://www.instagram.com/p/DVfuVRUCJLM/?img_index=2&igsh=eTJwenFvd2NvZWR4
«БӘРІ ДЕ АНА – БІР ӨЗІҢНЕН БАСТАЛАДЫ» АТТЫ МЕРЕКЕЛІК КЕШ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ
07.03.2026ж 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне орай колледжіміздің аруларына арналған «Бәрі де ана – бір өзіңнен басталады» атты мерекелік кеш ұйымдастырылды. Бұл кеш нәзік жандылардың сұлулығын, парасатын, мейірімін дәріптеуге арналды.
Мерекелік кеш тосынсыйлармен, креативті ойындармен, көңілді сәттермен және әсерлі нөмірлермен көрермендерге ерекше көңіл күй сыйлады. Студенттер өз өнерлерін көрсетіп қана қоймай, мерекелік кешті заманауи технологиялармен үйлестіре отырып, шығармашылық қабілеттерін таныта білді.
Кеш барысында әсем әндер шырқалып, жүрекке жылы лебіздер айтылып, көрермендердің көңілінен шыққан қызықты бағдарламалар ұсынылды. Студенттер мерекелік шараны жоғары деңгейде өткізіп, ұйымшылдық пен белсенділіктің үлгісін көрсетті.
Аталған шараны ұйымдастырған топ кураторлары Бекузакова Ақбота 32 тобы және Жанабековна Жанар 34 б тобымен студенттерге мерекелік көңіл күй сыйлап, ананың қадір-қасиетін ұлықтайтын тәрбиелік мәні зор кеш өткізді.
https://www.instagram.com/reel/DVlmwOvCBmm/?igsh=MWYxNW8wZHZ2ZG1zdw%3D%3D
14.03.2026ж. Оқу орнымызда “Көрісу күні” ерекше көңіл-күймен аталып өтті.Бұл күні студенттер мен оқытушылар бір-бірімен көрісіп, амандық-саулық сұрасып, жүрекжарды тілектерін білдірді. Көрісу – халқымыздың ежелден келе жатқан ізгі дәстүрлерінің бірі. Ол адамдар арасындағы сыйластықты арттырып, татулық пен бірлікті нығайтады.
https://www.instagram.com/reel/DV21o_NCAVv/?igsh=c3IwbHQ1ZGYzYjhu
16.03.2026ж «Лазерлік құрылғыларды заңсыз пайдаланудың қауіптілігі және оның құқықтық салдары» тақырыбында колледжіміздің 3–4 курс студенттері арасында тәрбие сағаттары өткізілді.
Тәрбие сағаты барысында студенттерге лазерлік құрылғыларды заңсыз пайдаланудың қоғамға, адамдардың қауіпсіздігіне тигізетін зияны түсіндіріліп, оның құқықтық жауапкершілігі туралы кеңінен ақпарат берілді.
Іс-шараның мақсаты – білім алушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру, қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру және заң талаптарын құрметтеуге тәрбиелеу.
https://www.instagram.com/p/DV8QsZ3iOKG/?igsh=ZmwwZTE4cnpkMWp0
16.03.2026ж. Наурызнама мерекелік шарасы аясында “Бастауыш білім беру мұғалімі” мамандығының 3 курс 36 “Б”топ студенттері «Көрісу күні – Амал мерекесіне» арналған тәрбиелік іс-шарасын ұйымдастырды.
Іс-шараның мақсаты – қазақ халқының ежелден келе жатқан көрісу дәстүрін насихаттау, ұлттық құндылықтарды дәріптеу және студенттер арасындағы сыйластық пен бірлікті арттыру.
Тәрбие сағаты барысында студенттер көрісу дәстүрінің маңызын түсіндіріп, қазақтың салт-дәстүрлері туралы мағыналы ойлар айтып, жылы тілектерін жеткізді. Осындай тағылымды шаралар арқылы жастардың ұлттық мәдениетке деген құрметі арта түседі.
https://www.instagram.com/reel/DV8Q9TJiN9g/?igsh=M3F0cDZkbGNoYTZ1
24.03.2026ж. 18 наурыз – Ұлттық киім күні
Наурызнама аясында Ұлттық киім күні ерекше сән-салтанатпен аталып өтті. Студенттеріміз қазақтың әсем ұлттық киімдерін киіп, ата-бабамыздан қалған мәдени мұраны дәріптеді.
Ұлттық киім – халқымыздың тарихы мен дәстүрінің айнасы. Бүгінгі күн сол құндылықтарды жаңғыртып, жастардың ұлттық мәдениетке деген қызығушылығын арттырды. https://www.instagram.com/p/DWS8SVJgnzV/?img_index=1&igsh=NjRmYWp4OHYxb3l3
17 наурыз – Шаңырақ күні Наурызнама жоспары аясында колледжімізде Шаңырақ күніне орай ерекше әрі көңілді “Бауырсақ-party” іс-шарасы ұйымдастырылды. Шараға 511 және 121 топ студенттері белсенді қатысып, ұлттық дәстүр мен бірліктің маңызын дәріптеді.
Іс-шара барысында студенттер ұлттық тағам – бауырсақтан дәм татып, көтеріңкі көңіл-күйде уақыт өткізді. Бұл мереке жастарды татулыққа, сыйластыққа және ұлттық құндылықтарды құрметтеуге тәрбиелейді. Шараның ұйымдастырылуына топ кураторлары Аташова С.Ө. және Досмұханбетова М.А. жетекшілік етті.
https://www.instagram.com/reel/DWS6qt0AiYs/?igsh=MW1wMjQyNGFkY3o5eg%3D%3D
25.03.2026ж. 15 наурыз – Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күні
Наурызнама жоспары аясында бүгін колледжімізде Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күніне арналған ерекше іс-шара өтті. Іс-шараға 11қ, 12қ және 22қ топ білім алушылары қатысып, ұйымдастырушылары Кемелбекова А.Е. және Беделхан А.Ғ. болды.
Шараның мақсаты – ұлттық құндылықтарды дәріптеп, студенттердің халқымыздың бай мәдениеті мен салт-дәстүрлеріне деген құрметін арттыру. Студенттер қазақ халқының дәстүрін, ұлттық өнерін таныстырып, өз өнерлерін көрсетті.
Іс-шара барысында ұлттық киімдер көрсетілімі, дәстүрлі ән-күй, би және түрлі танымдық көріністер ұйымдастырылып, көрермендерге ерекше әсер сыйлады. Бұл күн жастардың ұлттық мәдениетке деген қызығушылығын арттырып, ата-бабамыздан қалған асыл мұраның маңызын тағы бір мәрте айқындады.
https://www.instagram.com/reel/DWS526oCAsm/?igsh=a3BkNGtteW40ZGJr
30.03.2026ж. Колледжімізде 3–4 курс студенттері арасында
«Жастар арасындағы қылмыс, тәрбие мен қоғам» тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді.
Іс-шара барысында жастар арасындағы құқықбұзушылықтың себептері, оның қоғамға тигізетін кері әсері және құқықтық жауапкершілік туралы кеңінен түсіндірілді. Сонымен қатар, тәрбие мен отбасының, қоршаған ортаның рөлі ерекше атап өтілді.
Тәрбие сағатының мақсаты – студенттердің құқықтық сауаттылығын арттыру, заңға құрметпен қарауға тәрбиелеу және қоғамдағы жауапкершілікті сезінетін тұлға қалыптастыру. https://www.instagram.com/p/DWgcDSZgoEu/?igsh=MXdjajA2c2YxcTMy
30 наурыз күні колледжімізде 1–2 курс студенттері арасында
«Жасөспірімдер арасында ерте жүктіліктің алдын алу» тақырыбында тәрбие сағаттары және түсіндірме жұмыстары өткізілді.
Іс-шара барысында білім алушыларға ерте жүктіліктің денсаулыққа, психологиялық жағдайға және болашақ өмірге тигізетін әсері туралы маңызды ақпараттар берілді. Сонымен қатар, жауапкершілік, жеке қауіпсіздік және саналы шешім қабылдаудың маңыздылығы түсіндірілді.
Тәрбие сағатының мақсаты – студенттердің репродуктивті денсаулық туралы білімдерін арттыру, салауатты өмір салтын ұстануға бағыттау және жауапты мінез-құлық қалыптастыру.
Жастардың денсаулығы – қоғамның болашағы!
https://www.instagram.com/p/DWgbieMgtos/?igsh=dDAzY284M2k4YjN6
15.04.2026ж. Оқу орнында «Буллингтен қорған» тақырыбында ашық тәрбие сағаты өтті.
Іс-шараның басты мақсаты – студенттер арасында буллингтің алдын алу, оның зиянын түсіндіру және өзара сыйластық пен қолдауды қалыптастыру болды. Тәрбие сағаты барысында оқушылар буллингтің түрлері, себептері мен салдары туралы маңызды мәліметтер ұсынып, түрлі көріністер арқылы өмірлік жағдайларды сахналады. •Сонымен қатар, психологиялық кеңестер беріліп, қиын жағдайда өз-өзін қалай қорғау керектігі түсіндірілді.
Шара барысында студенттер өздерінің шығармашылық қабілеттерін көрсетіп, белсенділік танытты. Ашық пікір алмасу ұйымдастырылып, әр қатысушы өз ойымен бөлісуге мүмкіндік алды. Бұл кездесу жас ұрпақтың бойында мейірімділік, түсіністік және жауапкершілік қасиеттерін нығайтуға үлкен әсер етті.
Осындай тәрбиелік мәні зор іс-шаралар – болашақ мамандардың тұлғалық дамуына, қоғамдағы өз орнын табуына және саналы азамат болып қалыптасуына жол ашады. https://www.instagram.com/reel/DXLzvSLCOqJ/?igsh=YW1oZ2o1cjFxNDYz

