| № іс: 345 күні: 13.08.2020 |
Нұр-Сұлтан қаласы
Коронавирустық инфекцияның таралуына
байланысты шектеу шаралары кезеңінде
білім беру ұйымдарында оқу процесін жүзеге асыру
жөніндегі әдістемелік ұсынымдарды бекіту туралы
Білім алушылар мен тәрбиеленушілердің өмірі мен денсаулығының сақталуын қамтамасыз ету мақсатында, қашықтықтан оқытудың барлық қатысушыларының, білім беру ұйымдарының басқа да қызметкерлерінің белсенді хабардар болуына ықпал ету, сондай-ақ Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы жариялаған пандемия кезеңінде COVID-19 коронавирустық инфекциясының таралуының алдын алу үшін БҰЙЫРАМЫН:
- Бұйрыққа қоса беріліп отырған:
Осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес коронавирустық инфекцияның таралуына байланысты шектеу шаралары кезеңінде мектепке дейінгі ұйымдарда және мектепалды даярлық сыныптарында тәрбие-білім беру процесін жүзеге асыру жөніндегі әдістемелік ұсынымдар;
Осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес коронавирустық инфекцияның таралуына байланысты шектеу шаралары кезеңінде орта білім беру ұйымдарында оқу процесін жүзеге асыру жөніндегі әдістемелік ұсынымдар;
Осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес коронавирустық инфекцияның таралуына байланысты шектеу шаралары кезеңінде техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында оқу процесін жүзеге асыру жөніндегі әдістемелік ұсынымдар;
Осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес коронавирустық инфекцияның таралуына байланысты шектеу шаралары кезеңінде жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында оқу процесін жүзеге асыру жөніндегі әдістемелік ұсынымдар бекітілсін;
- Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің құрылымдық бөлімшелері мен ведомстволары осы бұйрықтан және қоса беріліп отырған Әдістемелік ұсынымдардан туындайтын шараларды қабылдасын.
- Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының жетекшілік ететін Білім және ғылым вице-министріне жүктелсін.
| Осы бұйрықтың орындалуын бақылау вице-министр М.Н.-ға жүктелсін. | А. Аймағамбетов |
Келісу нәтижелері
13.08.2020 08:32:36: Зейнуллаұлы А. С. (Құқықтық қамтамасыз ету басқармасы) – – ескертусіз келісілді
13.08.2020 09:06:15: Мелдебекова М. Т. (Мектепке дейінгі және орта білім комитеті) – – ескертусіз келісілді
13.08.2020 09:06:15: Мелдебекова М. Т. (Мектепке дейінгі және орта білім комитеті) – – ескертусіз келісілді
13.08.2020 09:41:53: Сейтақ С. (Мемлекеттік тілді дамыту басқармасы) – – ескертусіз келісілді
13.08.2020 09:43:06: Көбенова Г. И. (Білім және ғылым саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитеті) – – ескертусіз келісілді
13.08.2020 09:55:30: Күдеринова А. (Мектепке дейінгі және орта білім комитеті) – – ескертусіз келісілді
13.08.2020 10:37:29: Иманғалиев Е. Н. (Балалардың құқықтарын қорғау комитеті) – – ескертусіз келісілді
13.08.2020 14:56:01: Каринова Ш. Т. (Шашкина Г.) – – ескертусіз келісілді
13.08.2020 17:46:48: Дәуленов М. (Шашкина Г.) – – ескертусіз келісілді

