Бейнесабақ құру бойынша нұсқаулық
Аталған құжат қашықтықтан оқытуда оқу процесіне тән компоненттерді көрсететін және интернет-ресурстардың көмегімен іске асырылатын педагог пен білім алушылардың өзара іс-қимылын орнату мақсатында әзірленген бейнесабақ құру бойынша нұсқаулықты ұсынады.
Егер сіз бейнесабақтарды интернетке орналастыру үшін жазып жатсаңыз, формасы мен мазмұны бойынша келесі ұсыныстарды назарыңызға ұсынамыз.
- Өзіңіз туралы қысқаша айтып кетіңіз, аты-жөніңізді, қайда және қанша уақыттан бері осы пәннен сабақ беретініңізді атаңыз (немесе титрлар беріңіз).
- Ақпаратты берудің жүйелілігін қамтамасыз ету үшін өз сөзіңізді алдын ала ойластырып, дайындалыңыз.
- Сырт келбетіңізге назар аударыңыз (артық детальдары жоқ іскерлік костюм мен ұқыпты шаш үлгісі ең қолайлы болады).
- Бейнесабақтың ұзақтығы 30 минуттан аспауы тиіс. Сабақ неғұрлым ұзақ болса, аудиторияның назарын ұстап тұру соғұрлым қиын болады.
- Түсірілім кезінде тікелей камераға қарау керек.
- Мәтіннің қағаз нұсқасын камера алдында оқудың қажеті жоқ.
- Еркін, шынайы және эмоционалды сөйлеуге тырысыңыз.
- Материалды игерудің маңыздылығына назар аудара отырып, аудиторияға жиі жүгініңіз.
- Жарықтандыру: бет әлпеті экранда анық көрінуі үшін түсірілім нысанын жарыққа қарай (мысалы, терезеге қаратып) орналастырыңыз. Жарық фонның немесе терезенің алдында тұрып түсірмеңіз.
- Мәтінде күрделі, айтылуы қиын сөздерден, аббревиатуралардан, сандардан аулақ болыңыз. Оларды басқа сөзбен алмастыруға немесе басқаша айтуға тырысыңыз. Егер екпінді қалай дұрыс қоюды білмесеңіз, қиындық тудыратын сөзді мүлдем алып тастаған жөн.
- Кадр сыртындағы артық шуды (балалардың шуы, тұрмыстық техниканың дыбысы, көше шуы, иттің үруі және т.б.) жойыңыз.
- Тербеліс болмауы үшін камераны бекітіңіз.
- Артық қимыл-қозғалыс жасамаңыз! Өзіңізге сөйлеуге ыңғайлы және өзіңізді еркін сезінетін қалыпты таңдаңыз.
- Өзіңізге сенімді болыңыз, сонда бәрі сәтті шығады!
Бейнесабақ (бейне нұсқаулық немесе скринкаст) – бұл компьютер экранындағы ақпаратты жазу, әдетте ол кадр сыртындағы болып жатқан жағдайды түсіндіретін дауыспен сүйемелденеді. Бейнесабақтар оқытудың және белгілі бір ақпаратты жеткізудің тәсілдерінің бірі ретінде қолданылады.
Бейнесабақ құрылымы (IT-технологиялармен жұмыс істеу дағдылары – 15 минутқа дейін)
Экранда: колледж атауы, пән/модуль атауы, сабақтың тақырыбы.
Бейнесабақ бірнеше кезеңді өткізуді қамтиды:
- Сабақтың мақсатын, міндеттері мен күтілетін нәтижелерін қою (оқытушының түсініктемелері бар бейне, экранда мақсаты, міндеттері мен күтілетін нәтижелері ірі қаріппен көрсетіледі – 3 минут);
- педагогтың жаңа оқу материалын түсіндіруі немесе өткен сабақтарда меңгерілген материалды бекіту (оқытушының түсініктемелері бар бейне, титрларда пән бойынша педагогтың А.Ж.Т. көрсетіледі) – 5 минут;
- алынған білімді бекітуге арналған оқу тапсырмалары (белсендіру үшін) (экранда ірі қаріппен 2-3 тапсырма) – 10 минут;
4) рефлексия немесе педагогтың түсініктемелерімен бекітуге арналған сұрақтар (экранда ірі қаріппен 3-5 сұрақ) – 8 минут;
5) тақырып бойынша қосымша цифрлық ресурстар (экранда оларды пайдалану бойынша педагогтың міндетті түсініктемесімен ірі қаріппен 1-2 ЦОР) – 3 минут;
6) студенттердің өз бетінше оқуына ұсынылатын қосымша ресурстарға сілтемелер – 1 минут.
7) Білім алушылардың педагогпен кері байланысы барлық мүмкін және қолжетімді байланыс түрлері арқылы жүзеге асырылуы мүмкін: WhatsApp мессенджерлері, Telegram, Zoom, педагогтардың қашықтықтан оқыту сабақтарының конспектілерін әзірлеуі, электрондық пошта және т.б. (бейне титрларында педагогтың байланыс телефоны мен электрондық поштасы көрсетілуі тиіс).
Қашықтықтан оқытуды өткізу үшін келесі технологияларды пайдалану ұсынылады:
- Стримингтік платформалар: Bilimland.kz, sabak.kz, aitube.kz, youtube.com және Zoom, Skype, Moodle, Opiq.kz қосымшалары және т.б. Осы платформаларды пайдалана отырып, пәндер/модульдер бойынша бейнесабақтардың трансляциясын ұйымдастыруға болады.
- Бұлттық сервистер: Google Диск, Яндекс Диск, Mail.ru Диск, Dropbox және басқалар.
- «Талап» КЕАҚ сайтында www.kasipkor.kz қазақ/орыс тілдерінде әзірленген бейнесабақтар орналастырылатын болады.

