№1 Almaty Kazakh State Humanitarian and Pedagogical College 10.09.2021 Compiled inventory of reports on student achievement and behavior 2021-2022оқу жылына колледждің белсенді студенттерімен бірге директордың оқу-тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары А.А.Байтекеева,«Жастар ұйымының» төрайымы М.А.Сұлтанова және
“Self-management”ұйымының мүшелері“Студенттік парламент”өзін-өзі басқару ұйымының құрамын қайта тағайындау туралы жиналыс өткізді.Жиналыс барысында колледждің ішкі тәртіп ережесі мен алдағы жұмыс жоспары және «Өзін-өзі басқару”ұйымының,басқа да ұйымдардың2020-2021оқу жылында атқарылған жұмыстары тыңдалды.Күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша директордың оқу-тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Айгул Аталыққызы «Студенттік Парламенттің оқу-тәрбие процесінің проблемаларын шешуде колледж әкімшілігіне көмекші болатыны,Парламентте студенттер мен педагогтер бірлесіп ынтымақтасуға,оқу-тәрбие процесін ұйымдастыру кезіндегі мәселелерді шешуде өз ұсыныстарын білдіруге құқылы екендіктерін және Парламенттің құрылымының8фракциясының қызметімен таныстырды.Студенттік Парламенттің мақсаты:білім алушылардың бойында азаматтық белсенділік,әлеуметтік құзыреттілік,азаматтық жауапкершілік дағдыларын дамыту,өзінің жеке басын,қоғам мен мемлекетті жетілдіру мүддесінде әрекет ете алатын жоғары мәдениетті,гуманистік бағыттағы азаматты тәрбиелеу.Парламенттің міндеттері:
–білім алушылардың қабілеттері мен мүдделерін,колледжде бірыңғай құқықтық кеңістікті дамыту үшін жағдай жасау;
–ұжымдық өмір нормаларына,мемлекет заңдарына,адамдарға пайда әкелгісі келетіндігіне,достары мен құрдастарына қиындықтарды жеңуге көмектесуге оң көзқарас қалыптастыру;
–әрбір білім алушыны оқу орнының қоғамдық өміріне тарту;
–өзіндік ойлау мен өзіндік сана-сезімді,көшбасшылық мінез-құлық дағдыларын,ұйымдастырушылық білімді,іскерлікті,ұжымдық және басшылық қызмет дағдыларын дамыту болып табылады.
Колледж студенттерінің ұсыныстарымен және дауыс берулері нәтижесінде колледждің2021-2022оқу жылының“Студенттік парламентінің”президенті болып 3-курс, 31 “B”топ білім алушысы Нұрғазы Мерей Маратқызы тағайындалды.Студенттік Парламент құрылымының8фракциясына бірнеше колледж студенттері өздерінің кандидатураларын ұсынғандықтан байқау жарияланды.Байқау15.09.2021күні сағат12.00ге дейін жалғасады.





