№1 АЛМАТЫ ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТТІК
ГУМАНИТАРЛЫҚ - ПЕДАГОГТІК КОЛЛЕДЖІ

Оқу-тәрбие жұмысында   «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы   аясында   25 қазан Республика күніне орай  оқу орнында                ұйымдастырылған тәрбиелік іс-шаралар

Оқу орнымыздың  22б топ білім алушылары  Кеңес Одағының  батыры
Әлия Молдағұлованың 100 жылдығына арналған «Адал азамат – Отан қорғаны» атты әскери-қолданбалы спорт түрлері бойынша өткен қалалық жарысқа белсене қатысып келді.

Бұл жарыста біздің батыл да намысты қыздарымыз ептілік, күш, жылдамдық пен бірлікті көрсете білді. Әр кезеңде табандылық танытып, қарсыластарынан оқ бойы озып шығып, қалалық сайыста 1-орынды иеленді!
Бұл жеңіс — тек спорттағы жетістік емес, Отанға деген сүйіспеншіліктің, рухтың, тәртіп пен еңбектің жемісі.
Осындай жеңіспен колледжіміздің  намысын қорғап жүрген студенттерімізге алғыс айтып, келешекте де биік белестерді бағындыруларына тілектеспіз! Жарайсыздар қыздар!!!!

https://www.instagram.com/reel/DQENBC6CPEw/?igsh=MTMxYWVwZWF2NnM5Ng==

25 қазан Республика күніне орай  колледжімізде «Қазақстанның жарқын болашағы – жастардың қолында» тақырыбында  тәрбиелік шара ерекше рухта  ұйымдастырылды.
🔹 Шараның мақсаты – жастарға отансүйгіштік, жауапкершілік, білім мен еңбекке деген құрметті дарыту.
🔹 Студенттер белсенділік танытып, өз ойларын еркін жеткізді. Патриоттық әндер шырқалып, жүрекке жететін бейнероликтер көрсетілді.
🔹 Ұйымдастырылған тәрбие сағаты студенттерге үлкен шабыт, алға ұмтылуға жігер берді.Студенттер өз ойларымен бөлісіп, еліміздің дамуына қосатын үлестері жайында пікір алмасты.   Іс-шара барысында студенттер

  • Тәуелсіз Қазақстанның жетістіктерімен танысты;
  • Ел дамуына үлес қосқан тұлғалардың өнегелі өмірін талқылады;
  • Өз армандары мен ел болашағына қосатын үлестері туралы ойларымен бөлісті. Әрбір жастың жүрегінде туған жеріне деген сүйіспеншілік оты маздап, елдің дамуына үлес қосу ниеті оянса – біздің мақсатымыз орындалды!
    ✨ Жастар – елдің ертеңі, ұлттың үміті, мемлекеттің тірегі!

#RepublicDay #25Қазан, #Декларация35жыл, #МеніңҚазақстаным.
https://www.instagram.com/reel/DQENaezCNIh/?igsh=MWl3aXlieWxmMzN5dg==

«Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасын жүзеге асыру аясында
25-қазан Республика күніне орай «Қазақстанның жарқын болашағы-жастардың қолында» тақырыбында «Тәуелсіздік  және отаншылдық» құндылығы негізінде   12б тобында  топ жетекшісі Г.Б.Қаласованың  ұйымдастыруымен тәрбие сағаты болды. Мақсаты: Студенттердің бойына отансүйгіштік сезімді қалыптастыру, тәуелсіз Қазақстанның жетістіктерін насихаттау арқылы елдің жарқын болашағы — білімді, белсенді, жауапты жастардың қолында екенін түсіндіру, құндылықтарды дамыту, адалдыққа, еңбекқорлыққа, елжандылыққа тәрбиелеу. Тәрбие сағаты  барысында тарихқа шолу жасалынып, ақындардың “Отан” туралы өлең шумақтары оқылды. “Жарқын болашақ” тақырыбында суреттермен кластер құру  арқылы топтық жұмыс жүргізіліп, өз ойларын ортаға салып, сұрақтарға жауап берді. #RepublicDay #25Қазан, #Декларация35жыл, #МеніңҚазақстаным.
https://www.instagram.com/reel/DQESwRuiIF9/?igsh=M2loYnBmaWU3MGo0

 

🎤    «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасын жүзеге асыру аясында
25-қазан Республика күніне орай «Жаңа Қазақстан – жастар таңдауы» тақырыбында  📣 Дебат турнирі сәтті өтті!

Оқу орнымыздың  белсенді жастары бас қосқан бұл дебат турнирі жоғары деңгейде өтті. Турнир барысында қатысушылар “Жаңа Қазақстан” тұжырымдамасы аясында қоғамдағы өзекті мәселелерді талқылап, жастардың рөліне қатысты тың ойлар мен батыл ұсыныстар білдірді.

💡 Басты мақсат:
Жастардың сыни ойлау қабілетін дамыту, өз ойын еркін жеткізе алатын тұлғаларды қалыптастыру және ел дамуына бейжай қарамайтын азаматтарды қолдау. 🔔 Турнир барысында айтылған ұсыныстар мен идеялар «Жаңа Қазақстан» құру жолындағы жастар көзқарасының жарқын дәлелі болды.

Барлық қатысушыларға алғыс айтамыз!
Жастар – өзгеріс бастауы!
Келесі кездесулерде жолығайық!
#RepublicDay #25Қазан, #Декларация35жыл, #МеніңҚазақстаным.
https://instagram.com/p/DQETOe4CPPY/

 

Халқымыздың тарихындағы ең маңызды, ең қастерлі мерекелердің бірі – Республика күні!Бұл күн – қазақ халқының еркіндікке, тәуелсіздікке деген ұмтылысының, елдік пен бірліктің жарқын символы.Республика күні – бұл жай ғана мереке емес, бұл – азаттық рухын, ұлт бірлігін, мемлекет тәуелсіздігін дәріптейтін күн.Бұл күн — ата-бабамыздың ғасырлар бойы армандаған еркін ел болу мұратын жүзеге асырған сәтті еске алу.Іс-шараның мақсаты: Студенттерге Республика күнінің тарихи маңызы мен мәнін ұғындыру, отансүйгіштік, елжандылық қасиеттерін қалыптастыру. #RepublicDay #25Қазан, #Декларация35жыл, #МеніңҚазақстаным. https://www.instagram.com/reel/DQEUiTFiNAI/?igsh=MTRhZTNvbjYxY3VydA==

Республика күні – еркін елдің ең ұлы мерекесі! Бүгінгі ұрпақ – сол ұлы ерліктің, сол арманның жалғасы. Біз бейбіт аспан астында білім алып, еңбек етіп, өз үлесімізді қосып келеміз.Біздің  мақсатымыз– студент жастардың елге деген сүйіспеншілігін, патриоттық сезімін және егемендіктің қадірін ұғындыру.
💫 Республика күні – әрбір қазақстандықтың жүрегіндегі мақтаныш, ұлттың бірлігін паш ететін мереке!
Тәуелсіз еліміз мәңгі жасай берсін!
#РеспубликаКүні #МеніңЕлім #Қазақстан #Тәуелсіздік #Бірлік #ПатриотЖастар
https://www.instagram.com/reel/DQEVABnCFrq/?igsh=OG1jb2Z3bHhsY2V6

 

№1 Алматы қазақ гуманитарлық-педагогтік колледжінде
24ш және 23ш топ білім алушыларының арасында 25Қазан Республика күніне  орай «Тарихыңды  таны»интеллектуалды   сайыс сайыс өтті.Сайыс үш кезеңнен тұрды.
1. Сұрақ–жауап – білім мен логиканы сынаған тартысты сәттер;
2. Пазл құрастыру – бірлікті, жылдамдықты және ұқыптылықты талап етті;
3. Мақал-мәтелдер сайысы – тарих даналығын терең түсінуді көрсетті.Әр кезеңде қатысушылар өздерінің білімін, тапқырлығын және ұйымшылдығын көрсетті.Бәсеке жоғары деңгейде өтті, ал ең үздік нәтиже көрсетіп, алға суырылып шыққан — 24Ш топ білім алушылары жеңімпаз атанды! 🏆 Барлық қатысушыларға белсенділігі мен білімге деген құштарлығы үшін алғыс білдіреміз!Білімге ұмтылған жастар – ертеңгі ел болашағы! #RepublicDay #25Қазан, #Декларация35жыл, #МеніңҚазақстаным. https://www.instagram.com/reel/DQEWW9MiHmi/?igsh=MWJzNml5cGljcHdxb

№1 АЛМАТЫ ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТТІК ГУМАНИТАРЛЫҚ - ПЕДАГОГТІК КОЛЛЕДЖІ

© 2021. Барлық құқықтар сақталған.