2025жылдың 16 қазанында колледжде «Жұмысшы мамандықтар жылы» аясында 9-сынып оқушыларына арналған «Шеберлік құпиялары» атты шеберлік сыныбы өтті! Мақсаты: –мектеп оқушыларына «Шет тілі мұғалімі» мамандығы жайлы мәлімет беріп, болашақ мамандықты саналы түрде таңдауға бағыт беру.
Шеберлік сыныбында оқушыларға шетел тілі мұғалімінің қоғамдағы орны, ағылшын тілін үйретудің қыр-сыры, болашақтағы жұмыс мүмкіндіктері туралы тиімді ақпараттар берілді. Қызықты презентациялар ұсынылып, іскерлік ойындар ойналды. Қатысушылар белсенділік танытып, қызығушылықтарын көрсетті. Тіл үйрену – тек білім алу ғана емес, мәдениет пен дүниетанымды кеңейту жолы. Сондықтан, болашақ ұстаздар қатарына қосылғысы келетін талапкерлерді «Шет тілі мұғалімі» мамандығын таңдауға ұсыныс береміз. Осындай кәсіптік бағдар беру іс-шаралары–болашақ мамандықты саналы таңдау жасаудың алғашқы қадамы.





