2025 жылдың 6 қазанында оқу ордамызда жас түлектерге арналған кездесу “КЕШЕГІ СТУДЕНТ — БҮГІНГІ МАМАН” тақырыбында подкаст өтті.
Іс шараның мақсаты – жас мамандардың жаңа еңбек жолына бейімделуіне қолдау көрсету, олардың кәсіби шеберлігін шыңдауына жағдай жасау, ұстаздық мамандықтың қадір-қасиетін дәріптеу.
Бүгінгі іс -шараға әлеуметтік әріптестерден Сайдикеева Сауле Ильясовна – Алматы қ, Түрксіб ауданы №162 мектеп – гимназия директоры және Омарбекова Фарида Кызырхановна №187 бөбекжай-балабақша басшысы сұқбатқа қатысты. Жұмыс берушілер сұқбат барысында жас мамандардың жаңа технологиялармен, заманауи бағдарламаларды жақсы меңгерген ынталы жастар көп, оларды қолдап, бағыт беріп отырса, жақсы нәтижелерге жетеді деп сенім білдірді. Колледж түлектері Байгабылова Т.Е. Алматы қ., Түрксіб ауданындағы №76 жбб мектептің бастауыш сынып мұғалімі, Сарсенбаева С.Б. Алматы қ, Түрксіб ауд №44 мектеп – гимназиясының орыс тілі пәнінің мұғалімі. Түлектер өздерінің кәсіби еңбек жолындағы алғашқы қадамдары, ақыл-кеңестері жастарға үлкен мотивация берді. Мұндай кездесулер — білім мен өмірлік тәжірибені ұштастыратын маңызды алаң болды.
Біздің түлектер— ел болашағының тірегі.
Оларға кәсіби жолда табыс, биік белестер тілейміз!


