2025 жылдың 29 қыркүйекте №1Алматы қазақ гуманитарлық-педагогикалық колледжінде «2 қазан- Қазақстан Республикасының техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру қызметкерлері күні» кәсіби мерекесі аясында Түрксіб ауданы жалпы білім беретін мектептерінің 9 сынып оқушыларына «Шеберлік құпиялары» тақырыбында шеберлік-сыныбы ұйымдастырылды.
✅Мақсаты: мектеп оқушыларына «Бастауыш сынып мұғалімі», «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарының тәрбиешісі» біліктіліктерін жарнамалау, бұл мамандықтардың қоғамдағы орны, әлеуметтік маңызы туралы ақпарат беру. Аталған маман иелерінің көпқырлығын тәжірибелік тапсырмалар арқылы таныстырып, кәсіби бағдар беру.
Іс-шара мектеп оқушыларының колледж базасына саяхатымен басталды.
Саяхат барысында колледждің материалдық-техникалық базасымен таныстыра отырып, колледж тарихына, елеулі жетістіктеріне таныстырылым жасалды. Қатысушылар «Бастауыш сынып мұғалімі», «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарының тәрбиешісі» біліктіліктері бойынша 2секцияға бөлінді.
✅ «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарының тәрбиешісі» біліктілігіне ұйымдастырылған шеберлік сыныбы мамандыққа арналған презентациямен және «Шығармашылық шеберлік» бұрышымен таныстырлымнан басталды. «Ертегі терапиясы» және «Асық терапиясы» әдістері арқылы студенттер «Тәрбиеші» бейнесін іскерлік ойындар арқылы көрсетті.
✅ «Бастауыш сынып мұғалімі» біліктілігіне шеберлік сыныбына жиналған оқушылар «Мұғалімнің құпия миссиясы» квест ойынына қатысу үшін «Алғырлар», «Шығармашылдар», «Ұстаз болашақ» топтарына бөлінді. Ойын барысында әрбір станциядағы тапсырмаларды орындау арқылы бастауыш сынып мұғалімінің бойындағы кәсіби қасиеттерді анықтады.
✅Шеберлік сыныбы барлық қатысушылар үшін қызықты да тиімді болды. Оқушыларға «Бастауыш сынып мұғалімі», «Тәрбиеші» мамандықтарының қырларымен танысып, болашақ мамандығын бағдарлауға әсер етсе, ал болашақ ұстаздардың кәсіби дамуына үлкен ықпалын тигізді.
#біздіңТжКБ #PROFМарафон #нашеТиПО






