№1 АЛМАТЫ ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТТІК
ГУМАНИТАРЛЫҚ - ПЕДАГОГТІК КОЛЛЕДЖІ

КӘСІПТІК БАҒДАР/ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ

Тамыз айының 1 жұлдызында оқу орнында «Жұмысшы мамандықтар жылы» аясында талапкерлерге арналған дөгелек үстел ұйымдастырылды. Мақсаты: ашық диалог арқылы педагогикалық мамандықтың мәнін, әлеуметтік маңызын түсіндіру, болашақ мамандықтарын таңдауға кәсіби бағдарлы қолдау көрсету. Дөңгелек үстел барысында арнайы пән оқытушысы Жаңабекова Жанар «Мамандығыңды таңдап, бізбен бірге білім ал!» тақырыбында колледжде дайындалатын мамандықтармен таныстырды. Мұғалім мамандығының әлеуметтік маңызын ашатын іскерлік ойындар ойнатылды. Ағылшын тілі оқытушысы Күнтубай Арайлым талапкерлерге арнайы емтихан алдындағы қорқыныш сезімдерді жою мақсатында психологиялық тренингтер өткізді. Талапкерлер ашық диалогқа, іскерлік ойындарға, тренингтерге белсене қатысты. Филворд  шешу арқылы мамандық қатысты сөздерді таба білді. «Қол мидың жалғасы» тренингіне оқушылар өз қолдарын қағаз бетіне салып,болашақта қандай мамандық иесіне лайық екенін анықтады. «Мамандықтар викторинасы» мамандыққа байланысты суреттер беріліп, әр мамандықтың атауын аудиториядағы оқушылар шешуге тырысты. Мамандықтарға байланысты жағдаяттық сұрақтардың шешімін тауып, өз ойларымен еркін бөлісті.

Мұғалім – жай ғана білім беруші емес, ол болашақ ұрпақты тәрбиелеуші, адамзаттың келешегін қалыптастырушы екені бүгінгі іс-шараның айқын дәлелі болды.

#жұмысшымамандықтаржылы

https://www.instagram.com/reel/DMzRFd6Cr5i/?igsh=ZWJtOXQ4djY5OWkw

№1 АЛМАТЫ ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТТІК ГУМАНИТАРЛЫҚ - ПЕДАГОГТІК КОЛЛЕДЖІ

© 2021. Барлық құқықтар сақталған.