№1 АЛМАТЫ ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТТІК
ГУМАНИТАРЛЫҚ - ПЕДАГОГТІК КОЛЛЕДЖІ

«Құқық бұзушылықтың алдын алу – басты міндет»

Қазіргі қоғамның алдында тұрған басты міндеттердің бірі- жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын-алу, кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың өсуіне жол бермеу.
Осыған орай оқу орнында   09 қыркүйек  күні «Жасөспірімдер арасындағы құқық  бұзушылықтың алдын-алу» тақырыбында  колледж директоры М.Т.Мендгазиева ,директордың оқу-тәрбие жұмысы жөнінен орынбасары А.А.Байтекееваның  қатысуымен  ұл  балаларға арналған  жиналыс ұйымдастырылды. Мақсаты: Жасөспірімдер  арасында құқық бұзушылықтың алдын-алу, студенттердің құқықтық сауаттылығын арттырып, қоғамдағы келеңсіз жайттардан сақтандыру. Жиналыс барысында  колледж директоры М.Т.Мендгазиева жасөспірімдер  арасындағы құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын- алу туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің ертіп жүруінсіз түнгі уақытта жүруге болмайтынын  айтып, оқу орнының ішкі тәртіп ережелерімен таныстырды. Құқық бұзушылықтың алдын- алу жөнінде кеңес мүшесі ,оқытушы Ә.К.Әлихан  «Құқықтық тәрбие маңызы және құқық бұзушылықтың алдын алу» тақырыбында баяндама оқыды. Колледжде білім алып, әр түрлі спорт түрлерімен айналысатын  4 курстың белсенді студенттері де  өз ойларын айтып ,төменгі курс студенттерін  салауатты өмір салтын ұстануға  шақырды.  Жиын соңында  директордың оқу-тәрбие жұмысы жөнінен орынбасары А.А.Байтекеева  жасөспірімдерді  құқық бұзушылыққа жол бермеу үшін және  бос уақыттарын  тиімді пайдалану үшін  оқу орнындағы  түрлі үйірме, секциялармен таныстырды.

№1 АЛМАТЫ ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТТІК ГУМАНИТАРЛЫҚ - ПЕДАГОГТІК КОЛЛЕДЖІ

© 2021. Барлық құқықтар сақталған.