Қазіргі қоғамның алдында тұрған басты міндеттердің бірі- жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын-алу, кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың өсуіне жол бермеу.
Осыған орай оқу орнында 09 қыркүйек күні «Жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын-алу» тақырыбында колледж директоры М.Т.Мендгазиева ,директордың оқу-тәрбие жұмысы жөнінен орынбасары А.А.Байтекееваның қатысуымен ұл балаларға арналған жиналыс ұйымдастырылды. Мақсаты: Жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтың алдын-алу, студенттердің құқықтық сауаттылығын арттырып, қоғамдағы келеңсіз жайттардан сақтандыру. Жиналыс барысында колледж директоры М.Т.Мендгазиева жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын- алу туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің ертіп жүруінсіз түнгі уақытта жүруге болмайтынын айтып, оқу орнының ішкі тәртіп ережелерімен таныстырды. Құқық бұзушылықтың алдын- алу жөнінде кеңес мүшесі ,оқытушы Ә.К.Әлихан «Құқықтық тәрбие маңызы және құқық бұзушылықтың алдын алу» тақырыбында баяндама оқыды. Колледжде білім алып, әр түрлі спорт түрлерімен айналысатын 4 курстың белсенді студенттері де өз ойларын айтып ,төменгі курс студенттерін салауатты өмір салтын ұстануға шақырды. Жиын соңында директордың оқу-тәрбие жұмысы жөнінен орынбасары А.А.Байтекеева жасөспірімдерді құқық бұзушылыққа жол бермеу үшін және бос уақыттарын тиімді пайдалану үшін оқу орнындағы түрлі үйірме, секциялармен таныстырды.


