№1 АЛМАТЫ ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТТІК
ГУМАНИТАРЛЫҚ - ПЕДАГОГТІК КОЛЛЕДЖІ

Оқытушылардың АКТ құзыреттілігін дамыту мақсатында 2021ж 5 –мамыр күні ««Сamtasia Studio» бағдарламасында скринкаст жасау жолдары» атты веб-семинар өтілді.

Мақсаты:

Оқытушыларды қашықтықтан білім беру технологиясын пайдаланып сабақ өтуге, сабақтардың бейне жазбасын түсіруге техникалық-әдістемелік көмек беру,«Сamtasia Studio» бағдарламасын қолданып видео сабақ жасауға, өңдеуге үйрету.

Жауапты оқытушы Қылышбек Фарида Байжанқызы  семинардың мақсаты, күтілетін нәтижелерімен  таныстырып, «Сamtasia Studio» бағдарламасы туралы теориялық мәліметтер берді. Оқытушыларға жүмыстың әрбір қадамын көрсетіп, олармен бірге  тәжірибелік жұмыс жасады. Қатысушылармен тығыз байланыста болып,түсініксіз сұрақтарға жауап берді. Қателерді түзетіп отырды. Нәтижесінде  оқытушылар  бағдарламада бейне жазба түсіруге үйренді. Ол туралы  семинар соңында жасалған кері байланыста  өз пікірлерінде білдірді.

№1 АЛМАТЫ ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТТІК ГУМАНИТАРЛЫҚ - ПЕДАГОГТІК КОЛЛЕДЖІ

© 2021. Барлық құқықтар сақталған.